Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

А.Мамин Абдалла бен Сауд әл-Танимен кездесу өткізді

14 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Катар Мемлекетінің Орталық банкінің төрағасы Абдалла бен Сауд әл-Тани бастаған делегацияны қабылдады.  Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді», деді А. Мамин.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті.  

Елдер арасында визасыз режим орнаған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Одан соң тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да орындалмақ.

Тараптар инвестициялық және қаржы-банк саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында катарлық банктер өкілдіктерін ашуды талқылады.  

Екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы байланыстарды дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 2020 жылы көктемде Қазақстан-Катар бизнес-форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.   

Кездесуге Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов және АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар