Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алматы Энергетика университетінде Елбасы күніне дөңгелек үстел өтті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы энергетика және байланыс университетінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті.

Алматы Энергетика университетінде Елбасы күніне дөңгелек үстел өтті

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

Шараға Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы Б.Жүнісбеков, директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы, «Көрмелер және мәдени бағдарламалар» қызметінің жетекшісі Ж.Әбдікерімова қатысты.

«Дөңгелек үстел» басында Ұлттық кітапхана атынан Б.Ж. Жүнісбеков және Н. Искалиева сөз сөйледі. Шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып,  Ж.Әбдікерімова қатысушыларды кітап көрмесімен таныстырды.

78