24 Шілде, 2013

Лондондағы кездесу

1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде ұстанымдарды тағы да келісіп, екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың негізгі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселесі мен халықаралық күн тәртібін талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Д.Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін дниежүзілік донор күні

Денсаулық • Бүгін, 10:06