Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі Бибігүл Төлегенованың шәкірттері мен «Астана Операның» солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Жәмиля Жарқымбаева, Дина Хамзина, Медет Чотабаев, Мейір Байнеш, Жанат Шыбықбаев, Азамат Жылтыргөзов, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Гүлжанат Сапақова, Елена Низамутдинова, Гүлдана Алдадосова т.б. кештің ажарын аша түседі.
Концерттік бағдарламада, арнайы шақырылған қонақ – Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың Гран-при иегері (2019 ж.), әнші Козимо Оресте (Италия) өнер көрсетеді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гаухар Усина, Әнел Рүстемова, Тайыр Ғатауов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов, Назир Заетов, Бостан Қожабеков, Сұлтанбек Ғұмардың орындауындағы тамаша шығармалар көпшілікке қуаныш сыйламақ.
Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар, хореографиялық нөмірлер көпшілік назарына ұсынылады.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де