Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда «Парасатты отбасы» байқауы мәреге жетті

3014 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады. 

Маңғыстауда «Парасатты отбасы» байқауы мәреге жетті

Осыған сәйкес, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында облыс көлемінде «Парасатты отбасы» байқауын жүргізілген болатын, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі.

Байқаудың екінші кезеңіне 13 отбасы іріктелді. Олар: Ақтау қаласынан Әмірхановтар, Бисенбаевтар, Әндіжановтар отбасылары; Жаңаөзен қаласынан Көптілеуовтер мен Азаматовтар отбасылары; Бейнеу ауданынан Иманбаевтар отбасы; Мұнайлы ауданынан Тулебаевтар отбасы; Қарақия ауданынан Қосжановтар мен Ержановтар отбасылары; Түпқараған ауданынан Джолаевтар, Бекбосыновтар, Набиевтер және Қабыловтар отбасылары.

Қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне «Менің отбасым» тақырыбында еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер түсіру арқылы қатысты.

Отбасы шығармашылығы, отбасылық туризм, отбасылық бастамалар, ұрпақтар естелігі көрініс табатын бейнероликтерді қазылар алқасы қарап, бағалады.

І орынды Қарақия ауданынан Ержановтар отбасы, ІІ орын ды Мұнайлы ауданынан Тулебаевтар отбасы иеленсе, ІІІ орынды ақатулық Бисенбаевтар отбасы иеленді. Сондай-ақ, «Парасатты отбасы» - Бекбосыновтар отбасы, Түпқараған ауданы, «Шеберлер отбасы» - Нәбиевтер отбасы, Түпқараған ауданы, «Үздік оқырман отбасы» Әндіжановтар отбасы, Ақтау қаласы, «Интеллектуалды отбасы» Қосжановтар отбасы, Қарақия ауданы, «Шығармашыл отбасы» Иманбаевтар отбасы, Бейнеу ауданы, «Өнерлі отбасы» Көптілеуовтер отбасы, Жаңаөзен қаласы, «Жомарт отбасы»  Азаматовтар отбасы, Жаңаөзен қаласы, «Өнегелі отбасы» Қабыловтар отбасы, Түпқараған ауданы, «Ізденімпаз отбасы» Джолаевтар отбасы, Түпқараған ауданы, «Жас отбасы»  Әмірхановтар отбасы, Ақтау қаласының отбасылары марапатталды.

Облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізілген шарада жүлделі орын алған жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар беріліп, Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

45