Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019

Елордада «Арман ағашы» қайырымдылық науқаны басталды

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайырымдылық шараны Jas Otan жастар қанаты іске асырып жатыр.

Елордада «Арман ағашы» қайырымдылық науқаны басталды

Шараның мақсаты - ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ауыр науқасы мен мүгедектігі бар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, қалаған армандарын орындау. Ол үшін кез келген тұрғын армандар ағашында жазылған балалардың тілегін орындап, қалаған сыйлығын алып беруі керек. Арман-тілектерін «Нұрлы жүрек» мекемесінің 117 бүлдіршіні жазған. 

- Біз барлық өңірлерде «Арман ағашы» атты науқанды бастаймыз. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға керемет көңіл күй мен жылулық сыйлағымыз келеді. Алдын ала орталық өкілдерімен кездесіп, балалардың қандай сыйлық алғысы келетінін жазып алдық. Енді сол тілектерді қарапайым халықтың көмегімен орындағымыз келеді. 

Бұл шара бір айға созылады. Мереке қарсаңында барлық жиналған сыйлықтар бүлдіршіндерге салтанатты түрде мерекелік кеште тарту етіледі.