Кәсіпқой бокс • 04 Желтоқсан, 2019

Даниярдың қарсыласы белгілі

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстағы жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.

Даниярдың қарсыласы белгілі

Отандасымыздың бұл жолғы қарсыласы америкалық – Алан Санчес. Қос бокс­шы ара­сындағы жекпе-жек 10 раундқа жос­пар­ланған. Кездесу 20 желтоқсанда өтеді. 28 жастағы Санчес кәсіпқой бокстағы жолын 2009 жылы бастаған. Бүгінге дейін 25 кездесу өткізіп, 20 айқа­сында қарсыласынан басым түскен. 10 жек­пе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал 4 рет жеңіліп, 1 рет түскен.

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін америкалық боксшы Решард Хикспен өткі­зіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.