Кәсіпорынның іске қосылуына 2,9 млрд теңге инвестиция тартылған. 80 адамға жұмыс табылды. Жаңа өндіріс сойылған мал етін қалдықсыз тұтынады. Яғни, бір мезетте 12 мың ыдысты консервілейтін желі мен 14 тоннаға дейінгі қан сұйықтығын кәдеге жарататын қондырғы жұмыс істеп тұр. Мұнда қалған сүйекті ұнтақтап, ұн жасап шығаратын цех және бар.
Еліміз бойынша агроөнеркәсіп өнімінің 20 процентін біздің облыс беріп отыр. Қазір өңірде 1 миллионнан бас ірі қара және 4 миллионнан астам ұсақ мал басы бар. Сондықтан етті толықтай өңдеу және заманауи технологиялар арқасында экспортқа дайын өнім шығару негізгі мақсатымыз болуы керек. Жамбыл ауданындағы «Империя Фуд» ет өңдеу кешені «Made in Qazaqstan» белгісімен сыртқы нарықты сапалы өніммен қамтуға кірісті. Бұл аймаққа құйылған инвестицияның жемісі, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.
Алматы облысы