Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Итенов пен Әділбаева азаматты ветеринарлық зертханаға зертханашы ретінде жұмысқа орналастыру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ Итенов кәсіпкерлерге тиісті қорытындылар беруде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.
Осы үкіммен Алынязова да кінәлі деп танылды және сенімді асыра пайдалана отырып, мемлекетке мүліктік залал келтіргені үшін оған 757 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.