Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда өңірдің белсенді жастарын мара­пат­тауға арналған «Көшбасшы-2019» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды

Жетісу жастарының жетістігін саралап, қатарластарынан озған ұл-қызды марапаттайтын жоба Алматы облысы әкімінің қолдауымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл да өңірдің көшбасшы жастары «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас спортшы, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы», «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы», «Ауыл шаруашылығының үздік маманы», «Үздік студент», «Үздік жас әскери қызметкер», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас отбасы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас батыр», «Үздік жас әдебиетші», «Үздік жас ерікті», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы», «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» және «Үздік жас журналист» аталымдары бойынша анықталды. Жеңімпаздарға облыс әкімінің арнайы дипломы мен ақшалай сыйлық берілді.

– Өңір тұрғындарының үлесін белсенді жастар да құрайды. Бүгінде 400 мыңнан астам жас түрлі салада еңбек етеді. Олармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында аймақта ауқымды істер атқарылуда. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 206 студентке облыс әкімінің арнайы грантын тағайындап, оған 174 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ бүгінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы, «Жастар тәжірибесі» арқылы жас мамандарға зор қолдау көрсетіліп отыр, – деді көшбасшы жастарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Алматы облысы