Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»: Қостанай облысында 65 000 депозит иесіне мемлекеттен сыйлық беріледі

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы банктің облыстық филиалының директоры Дәурен Саудабаев журналистерге арнап ұйымдастырған таңғы шай үстінде мәлімдеді. Қостанай облысында ашылған 65 000-нан астам депозит осы жылы мемлекеттен сыйлық ала алады. Ағымдағы жылы аймақтың 16 300 тұрғыны тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартқа қол қойды, сонымен қатар 65 000-нан астам облыс тұрғыны 31,5 млрд теңгеден аса жинады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»: Қостанай облысында 65 000 депозит иесіне мемлекеттен сыйлық беріледі

«Бүгінде біздің банк жүзеге асырып жатқан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ең тиімді және сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша банк нарықтың 75 пайыз үлесімен Қостанай облысында берілген ипотекалық несие бойынша көшбасшы болды. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дағы салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме - ең жоғары және 13 пайызға жетеді. Мемлекеттің 20 пайыздық мөлшеріндегі сыйақысының арқасында 2 пайыз базалық мөлшерлеме бойынша депозиттер осындай жоғары табысты қамтамасыз етті» деді Дәурен Саудабаев. Мұнан кейін ол сыйақы мөлшерін, несиеге қосылу ретін түсіндірді.

2019 жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қостанай облыстық филиалы 15 млрд теңгеден астам қаржыға 2427 несие берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы мемлекеттік бағдарламалар іске асырыла бастағаннан бері облыстың 3018 тұрғыны жалпы ауданы 136 155 шаршы метр баспана алды, 52 үйдің құрылысы мен іске асырылуына келісімшарт жасалды.

 

ҚОСТАНАЙ