05 Желтоқсан, 2019

Экспорттаушылардың назарына!

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Экспорттаушылардың назарына!

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 30 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларының операторы ретінде мыналар туралы хабарлайды:

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 17-3/5506 хатымен ағымдағы жылға өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылғы 1 желтоқсаннан 13 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Өтініштерді қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 5-қабат, 502-кабинет (кеңсе) немесе www.export.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, анықтама телефоны: 8 ( 7172) 98-37-87 (ішкі: 444).

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат, Қағидаларға сәйкес отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша құжаттардың толық тізбесі www.export.gov.kz веб-порталында және корпоративтік сайтта www.kidi.gov.kz көрсетілген.