Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

Жазушылар одағында «Үш бәйтерек» әдеби кеш өтті

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Жазушылары кітапханасында қазақтың аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған кеш өтті. Кешті ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Жазушылар одағында «Үш бәйтерек» әдеби кеш өтті

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Б.Майлиннің немересі Дамен Әбілқасымқызы, І.Жансүгіровтың келіні Қарлығаш Жансүгірова, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің профессоры Лаззат Әділбекова арыстардың өмір жолы жайлы айтып, бүгінге жеткен мұралары сараланып, шығармаларын әлі де зерттеуге байланысты ойларымен бөлісті.

Көпшілік назарына «Үш бәйтеректің» шығармалар жинағы және де алаш арыстарының өмірінен сыр шертетін естеліктерді қамтыған ауқымды көрмеге кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса библиографиялық шолу жасады.

Шығармашылық кешті ұйымдастыруға ұйтқы болған Б. Майлин атындағы қоғамдық қордың директоры Салтанат Мұстафина қатысушыларға  алғыс білдірді. Үш бәйтерекке арнау өлеңдер арналып, көріністер көрсетілді. Белсене ат салысқан қатысушылар Б.Майлин атындағы медальдармен, төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды. 

 

АЛМАТЫ