Президент • 06 Желтоқсан, 2019

Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Екіжақты іскерлік  байланыс нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев Гер­ма­нияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Гер­хард Шрёдермен кездесті. Кез­десу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ын­ты­­мақтастықтың аясын кеңей­ту және екі елдің іскерлік байла­ныс­тарын нығайту мүмкін­дік­тері талқыланды.

– Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвес­тор ретінде келетін неміс кә­сіп­керлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сон­дықтан оларға ерекше  жағ­дай жасаймыз, – деді Қ.Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақ­стан­ның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты. Бел­гілі саяси қайраткердің пі­кі­рінше, Қазақстан немістің ірі ком­­панияларына ғана көңіл бө­­ліп қоймай, Герма­ния­­ның шағын және орта биз­не­сі­нің әлеуетін де ескеруі қажет.