Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда аудандағы «Луганск» өндірістік кооперативі 600 бас малға арналған  тауарлы сүт фермасының алғашқы кезегін іске қосты.

Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады

Өткен жылы  да 600 басқа арналған ферма ашылған. Кооператив жыл сайын мал басын көбейтіп, сүттің сапасын арттырып, жұмыс күшін оңтайландыруға мән беруде.

Келесі жылы екінші кезеңде қалған  300 басқа шақталған ферма пайдалануға беріледі.

Кооператив басшысы Петр Кузьменконың айтуынша, жаңа нысандардың жұмысы сүт сапасын жақсартып, өнім көлемін арттырады.

Сүт фермасының ашылуы - ауылға қосымша жұмыс.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, сүт фермаларында 10 мыңға жуық ірі қара бар.

Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына 19 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Өңір шаруашылықтары ет және сүт бағыттағы ірі қараның басын көбейту үшін 2017-2019 жылдар аралығында 5 млрд теңгеге жуық субсидияға қол жеткізген.

Биылғы жылы 1,3 млрд теңге көлемінде қолдау қаржысы беріліп, асыл тұқымды мал басы 3,3 пайызға көбейген.

Ал,  «Луганск» өндірістік кооперативінде  6700 ірі қара бар. Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынып, жергілікті сүт өңдеу орындарына тапсырылады.