Экономика • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда экспортқа шығып отырған отандық көшбасшы компанияларымыз өнімдерінің сапасына ғана емес, құнарлылығын сақтауға, барынша табиғи ингредиенттер мен инновациялық тенологияларды пайдалануға көп мән беріп отырғаны белгілі. Ал бәсекелі нарықта отандық өнімдерге қайталанбас қазақы бояу, ұлттық нақыш беру де аз рөл атқармайды.

Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады

Осылайша ұлттық құндылықтарымызға қайтаруға ұмтылған, айналамыздағы 10 мемлекетке өнімдерін таратып отырған, «3 желания», «Шедевр» және «Златые горы» брендтерінің өнімін өндіретін Eurasian Foods Corporation (EFC) холдингі Алматыдағы зауытына баспасөз-турын ұйымдастырды.

Қазақстанның жетекші басылымдары мен телеарна журналистері отандық азық-түлік өнеркәсібіндегі көне әрі маңызды кәсіпорнының тарихымен танысуға, зауыттағы инновациялардың ауқымын көріп, жаңа технологиялардың артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік алды.

Баспасөз-турының басты оқиғасы – «Мерекелік Провансаль» атты бие сүті қосылған алғашқы қазақстандық майонездің тұсаукесері мен дәмтатары болды.

Азық-түлік нарығында жоғары сұраныс тудыратын тұтынушылардың талғамы соңғы жылдары табиғи азық-түлікке қарай бет алды. Ал Қазақстанда бие сүтінің бай дәмі мен пайдалы қасиеттері ежелден бағалы. Бие сүтінде адам ағзасына қажетті 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар екені бұрыннан белгілі. Дәстүрлі қазақ ұлттық өнімдері, оның ішінде қазіргі заманғы форматта шығарылған ерекше өнімдер бүгінде танымалдық шыңында екенін назарға ала отырып, Eurasian Foods Corporation технологтары бие сүті қосылған майонезбен тұтынушыларын елең еткізуге шешім қабылдаған.

Eurasian Foods Corporation инновациялық технологиялық зертханасының бастығы Руслан Шілдебаевтың айтуынша, қазақ ұлттық асүйінің дәстүрлерін әспеттейтін бірегей майонезді жасаудың шығармашылық процесі бір жылға жуық уақытты алған.

Бірегей өндірістік технологияның арқасында жаңа өнімде барлық пайдалы ингредиенттер сақталған. Майонез компанияның кәсіпорындарында дәстүрлі «ыстық» тәсілмен өндіріледі, оның негізінде пастерлеу процесі жатыр.

– Мұндай технология көптеген бәсекелестермен салыстырғанда, өндірістің неғұрлым ұзақ, әрі шығынды процесін қамтиды, біз мұны үнемдеудің жолы деп есептемейміз. Біз сапа дәстүрлерін ұстанамыз және майонездерді классикалық «ыстық тәсілмен» өндіретінімізді мақтан тұтамыз», – дейді Eurasian Foods Corporation АҚ бас технологы Марина Пак.

Eurasian Foods Corporation өкілдері зауыттың тарихы 1962 жылдан бастау алатындығын, бүгінде оның өнімдері заманына қарай бейімделіп, тамаша өндірістік технологияларды алып келгені жайлы баяндады.

Кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес, Алматы зауыты бүгінде майонез, кетчуп, тұздықтар, дәмдеуіштер мен күнбағыс майын шығаруға маманданған. Нарықтың қажеттілігін қанағаттандырып, және дайын өнімдердің шығару көлемін ұлғайту үшін технологиялық және қосалқы жабдықтарды жаңғырту мен жаңарту және жаңа технологияларды енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылып отыр. Соңғы он жылда өндірісті дамытуға инвестиция көлемі $80,5 миллионнан асқан. Бүгін 3 мыңға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін холдинг құрамына саланың екі ірі кәсіпорны – Алматыдағы Eurasian Foods Corporation АҚ және Қарағандыдағы Eurasian Foods АҚ зауыттары кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша холдинг шығаратын өнім көлемі 140 мың тоннадан асқан.