Облыста спорттың жаңа түрлерін дамытуға арналған сайысқа қызығушылар саны көп болған. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Мұнайлы ауданының «Досан батыр» спортзалының өкілдері, екінші орынды Ақтау қаласының «Пауэрлифтинг» командасы, үшінші орынды Жаңаөзен қаласының спортсмендері иеленді. Олардың арасында Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Түпқараған аудандарынан келген ерлер мен әйелдер бар.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «қола» жүлдені Маңғыстау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары Қуандық Орынбаев алды. 125 келі салмақта үшінші орынды Маңғыстау облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Александр Ридняк иеленді. 82 келіге дейінгі салмақ санатында ДП ЖҚАЖ инспекторы Берік Аралбаев «күміс» медальмен марапатталды. 110 келі санатында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторы Владимир Качаненко ерекше көзге түскен, ол 110 келіге дейін штанга көтеріп және 70 келі бицепске штанга көтеріп екі санаттың 1-орындарын қатар алды.
Айта кетейік, Қуандық Орынбаев - 2017-2018 жылдары самбодан облыс чемпионы, самбодан Қазақстан чемпионатының 2017 жылғы жүлдегері, 2017 жылғы қоян-қолтық күресінің облыс чемпионы.