Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті

114 реткөрсетілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Александр Алексеевтің, сонымен қатар «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директоры Рахимжан  Елтаевтың қатысуымен «Улы газ және өрт қауіпсіздігі» тақырыпта брифинг өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

А. Алексеевтің айтуынша, ағымдағы жылы облыс аумағында бойынша 253 өрт тіркелді (2018- 280, 9%-ға азайды).  Бұрынғыша өрттің көп бөлігі тұрғын үйде болып отыр - 113 оқиға (жалпы өрттің 44 %) және автокөлікте – 80 жағдай (жалпы өрттің 32%).

Адамдардың қаза болуын, жарақаттануын алдын алу және өрттердің санын азайту мақсатында көп көңіл өрт қауіпсіздік ережесін тұрғындарды оқытуға бөлінді. Сонымен, бұқаралық ақпарат құралдарында 1356 сөз сөйлеулер болды, оның ішінде телеарнада - 54, баспада - 209, радиода - 136, дауыс зорайтқыш арқылы - 957. Одан басқа өрт қауіпсіздік сенбіліктері өткізілді, тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша жаднама және буклеттер таратылды. 180 мыңнан аса (182 012) адамды қамтыған, 40 мыңнан аса (40 475)  аула қамтылды, 3 мыңнан аса (3500) адамды қамтыған 266 жиналыс және кездесу ұйымдастырылды, тексерістер кезінде 5 мыңнан аса (5 016) адамды қамтыған 729 нұсқаулық жүргізілді. Ауланы аралау кезінде негізгі назар тұрғындардың ішінде әлеуметтік тәуекелдік топтарға қойылды, (1941 адамды қамтыған 756 қарт адамдардың тұратын мекен жайларына рейд жүргізілді, белгілі бір іспен айналыспайтындар – 72/233 көп балалы отбасылар – 1388/8427), оларға мекен жайы бойынша өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Автокөліктердегі өртерді болдырмау мақсатында Жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірігіп, қалалық және аудандық бөлімшелермен 49 рейд өткізілді. Рейд кезінде автокөліктегі өртті болдырмау бойынша жүргізушілерге түсіндірді және 1000 аса (1340) жаднама тарқатылды.

Облыстың қалалары және аудандардың қоғамдық орындарында және адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіретін 24 билборд орнатылды. 11 айда әртүрлі өрт қауіпсіздік тақырыбында 21 дөңгелек үстел өткізілді («Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі», «Өндірістік мекемелердегі өрт қауіпсіздік», «Биік үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі»). Өрт қауіпсіздік саласында 695 мектепті және 23 032 оқушыны қамтыған 79 интерактивті сабақ өткізілді.

Ал, Р. Елтаев улы газдан қалай улануға жол бермеу керектігін әңгімеледі. Өз денсаулығын сақтау мақсатында адам жалпы ережелерді білуі және алғашқы медициналық көмек туралы түсінігі болуы тиіс. Әсіресе денсаулық пен өмірге қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы. Тұншықтырғыш газбен улану адам үшін ең қиын жағдайлардың тізіміне кіреді.

Басқосуда газбен улану, оның сипаты және алдын алу, сондай-ақ қиын кезде «Жедел жәрдем» мен Төтенше жағдай көмегіне жүгіну туралы мәлімет берілді.

Соңғы жаңалықтар

Қоржынымыз бос қайтты

Қысқы спорт • Бүгін, 06:56

Боксшылар Амманда іріктеледі

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:53

Нақыл сөздерге толы ағаш

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Кемел ойлардың кемеңгері

Абай • Бүгін, 06:41

Мағауин мифі

Руханият • Бүгін, 06:35

Мүдделер тоғысы

Әлем • Бүгін, 06:32

Ауғанстанда ұшақ құлады

Әлем • Бүгін, 06:30

МӘМС: атқарылды көп іс

Медицина • Бүгін, 06:22

Көше бойындағы мәдениет

Қоғам • Бүгін, 06:06

Сары нөмір берілетін болды

Қоғам • Бүгін, 06:05

Қаңтардағы қарлы құрсау

Қоғам • Бүгін, 06:03

Ұқсас жаңалықтар