Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

Алматыда Ақай Нүсіпбековтің мерейтойы талқыланды

387 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері Ақай Нүсіпбековтің мерейтойына орай конференция өтті. 

Алматыда Ақай Нүсіпбековтің мерейтойы талқыланды

Қазақ тарихшысы, көрнекті қоғам қайраткер, ғалым, тарих ғылымының докторы Ақай Нүсіпбековтің туғанына 110 жыл. Осы орайда Алматыда IV Нүсіпбеков оқулары аясында «Ақай Нүсіпбеков және ұлы дала тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Онда ғалымның отандық тарих ғылымының дамуы жолында қарымталы еткен еңбектері, ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы турасында, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктеріне арналған зерттеулерінің маңыздылығы сөз болды.

«Ақай Нүсіпбековтің тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері, ғылыми ұйымдастырушы ретінде еңбегін насихаттауымыз керек. Жас ұрпаққа айтуымыз керек. Бұл тарих сабақтастығы. Еліміз осындай ұлы тұлғаларын дәріптеу арқылы өткенін білу керек. Өткенін білу арқылы болашағын айқын түсінуі керек», - деді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Сәбит Шілдебай.

Ақай Нүсіпбеков 1932 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, осы оқу орнының оқытушысы, директоры, Қазақстан КП Алматы облысы коммитетінің сектор меңгерушісі болды. 1937–1939 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі ұжымшар басшыларын даярлайтын республикасының оқу орнының директоры (1939–1941) қызметтерін атқарды. Үлы Отан соғысы жылдары И.В. Панфилов дивизиясында батарея комиссары, дивизияның саяси бөлімінің қызметкері болған. 1945 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болды. 1946–1956 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (1953–1956), институт директоры (1956–1982), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті болды (1968–1976).

Оның ғылыми жетекшілігімен ондаған ғалым кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. А.Нүсіпбеков Қаз. ССР тарихы саласында 100-ден аса ғылыми еңбек, бірнеше көлемді монография жазды. Нүсіпбековтың ғылыми қызметі Қазақ Кеңес мемлекетінің қүрылуы және нығаюы, қазақ жерлерінің біртүтас мемлекет шеңберінде топтастырылуы, Қазақстан жүмысшы табының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан еңбекшілерінің Үлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбегі, тарихты бүрмалаушы буржуазияшыларды әшкерелеу сияқты күрделі де маңызды тақырыптарға арналған.

Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижелері туралы, қазақ шаруаларының Е.И. Пугачев жетекшілік еткен шаруалар соғысына, Сырым батыр бастаған көтеріліске қатысуы жайында тың пікірлер айтып, ғылыми түжырымдар жасады.

А.Нүсіпбеков — екі томдық Қазақ КСР тарихының негізгі авторларының бірі.

Қазақстанда жүмысшы табының қалыптасуы туралы еңбегі үшін оған Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық берілді.

Мәскеуде өткен Шығыс зерттеушілерінің ХХV-халықаралық конгресінде (1960), Бакуде өткен Шығыс зерттеушілерінің халықаралық конференциясында (1967) т. б. халықаралық және бүкіл одақтық конгрестер мен симпозиумдарда, конференцияларда жасаған баяндамалары шет тілдеріне (ағылшын, араб, француз, испан) аударылып жарияланды. А.Нүсіпбеков 1968 жылы КСРО- Жапония мөдени байланыс қоғамының шақыруымен Жапонияда болып, Токионың Басэда университетінде қазақ тарихынан лекция оқыды. Венгрия ҒА-да баяндама жасады. А.Нүсіпбеков аудандық, қалалық және облыстық партия комитеттеріне мүше және Алматы қалалық кеңесінің депутаты болды. Қазақстан КП XIII, ХӀV-съездеріне (1971, 1976) ОК мүшелігіне кандидат болып сайланған.