Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды. Нәтижесінде 5494,9 алқаптан 173 748,8 тонна тәтті түбір жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7168 тоннаға артқан.

Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

Биыл заманауи ауылшаруашылығы техникаларын пайдалану және жоғары сұрыпты тұқым себудің нәтижесінде, қант қызылшасының әр гектарынан алынған орташа өнім 316 центнерді құрап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп отыр. Бір ғана Тараз қаласының шаруалары небәрі 20 гектар қант қызылшасының әр гектарынан 634,6 центнерге дейін өнім алған. Сондай-ақ алынған өнім көлемі Меркі ауданында 367,0, Байзақ ауданында 315,0, Шу ауданында 301, Қордай ауданында 283,0, Жамбыл ауданында 252,0 және Талас ауданында 250 центнерді құраған.

Бүгінгі таңда қант зауыттарына 135 564,1 тонна қант қызылшасы өткізілген. Сонымен қатар 17 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Мәселен, ағымдағы жылы Жамбыл облысында 5,6 мың гектар алқапқа қант қызылшасы отырғызылса, оның 105 гектары, яғни Жуалы ауданында 60 гектар, Т.Рысқұлов ауданында 45 гектар алқап жарамсыздыққа ұшыраған болатын.