Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2019

«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 оқу жылының басталуы қарсанында Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, тактикалық-саптық жаттығуларын бастап кетті. Бұл туралы аталмыш қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

Әскерлердің жауынгерлік даярлығы бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтары барысында өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді. Тактикалық-саптық сабақтар аясында бөлімшелердің рота тізбектерінің аймақтарына шығуы іске асырылды, жылжымалы басқару пунктері өрістетілді, аймақтық қорғаныспен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, стационарлық және жылжымалы басқару пунктерін орналастыру жүргізілді, сондай-ақ, радио жаттығулардың іс-қимылы пысықталды.

-«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жаңа оқу жылына мұқият дайындалды. Жаңа оқу жылында Қорғаныс министрінің, құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының қойған нақты міндеттері бар. Негізгі бағыт – ірі ауқымды оқу-жаттығулар мен халықаралық әскери ойындарға дайындық, деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Әскери дайындық аптасы аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер мамандық бойынша даярлыққа кіріседі.

 

 

Маңғыстау облысы