Спорт • 07 Желтоқсан, 2019

Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматы Арена» спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен балалар мен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнир аяқталды.   

Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы турнирде алыс-жақын шет мемлекеттерден келген алты команда бақ сынады. Барлығы 225 қатысушы. Осы бәсекелер барысында 183 алтын, 161 күміс және 232 қола медаль сарапқа салынды. 

Түрлі жас ерекшеліктері бойынша өткен жарыста Қазақстан құрамасы толағай табысқа қол жеткізіп, жүлделердің денін қанжығаларына байлады. Айтулы додада Бекжан Жаманбай, Сейілхан Болатбек, Аят Төлеубек, Аңсар Комаров, Никита Бондаренко, Мехришат, Әбдужәлелов, Таймас Сәлімов, Әлинұр Қуатұлы,  Бекмұхамет Шермағанбет, Жұбан Шыңғыс, Әли Омарәділ, Рафаель Орынбаев, Әли Омарәділ, Мейрам Саматов, Ескендір Юлдашев және тағы басқа жерлестеріміз жасындай жарқырап, жеңіс тұғырына көтерілді.  

Бұл бір керемет әрі әсерлі жарыс болды. Республикамыздың әр өңірінен жиналған балғын спортшылар мен шетелдік жас өрендер сайысқа түсіп, жекпе-жектің осы түрлерін жап-жақсы меңгергендерін байқатты. Оларды қолдау үшін ата-аналары, туған-туыстары, тіптен ата-әжелеріне дейін келді. Бақ сынаушылар қатарында балалар үйінің тәрибеленушілері де болды. Араларында жүлде алғандары да бар. Біздің федерация балалар үйіне әркез қолдау көрсетіп жүр. Ең бастысы, осы жарысқа қатысушылар және жанкүйер болып келген көрермендердің барлығы да керемет әсерге бөленді, – дейді Қазақстан Республикасы бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплинг федерациясының вице-президенті Ақмарал Қанатбаева.

 

АЛМАТЫ