Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2019

Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ардақ Күзековтің  мәлімдеуінше, қазір өңірдегі медициналық ұйымдарды қайта құру жүргізілуде.

Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..

Бұған дейін облыстық «Ана мен сәби» орталығы №1 қалалық емхананың  құрамына берілді.

Сондай-ақ Перинаталдық орталық, Жұқпалы аурулар мен тері аурулары ауруханасы Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың құрамына алынды.

Басқарма облыстық кардиоорталықты №3-шіқалалық емханамен қосу туарлы шешім қабылдаған.

Бұл мақсат-стационарлық және оны алмастыратын, кеңес беру-диагоностикалық көмек қызметтерін бір ұйымға біріктіріп, көп бейінді орталықтар құру туралы Үкімет қаулысы мен Денсаулық сақтау министрлігінің  бұйрығына сәйкес жасалуда.

Өңірдегі медициналық ұйымдарды қайта құруи тамырларының ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық қызмет көрсету үшін қажет. Кардиохирургтер де  жасайтын оталарын бұрынғыдай жалғасыра береді.

Өйткені, өңірімізде инсульттен қайтыс болу көрсеткіші өсіп келеді, – дейді А. Күзеков.Мысалы, биыл инсульттен 440 адам қайтыс болған.

Облыс  орталығында 3ш инсульт орталығы құрылды. Олардың біреуі осы №3 қалалық емханада орналасқан. Бірақ, емханада заманауи магниттік-резонансты томограф, кардиограф, УДЗ аппараттары жетіспейді.

Ал, бұл материалдық-техникалық кешенкардиорталықта бар. Сондықтан, инсульт орталығын кардиорталыққа ауыстыру туралы шешім қабылданды. 

Нәтижесінде, Кардиохирургиялық орталық пен Инсульт орталығы, Жүрек аурулары мен созылмалы жүрек патологиясы бар науқастарға арналған кардиологиялық емханадан, жүрек-қан тамырлар патологиясы бар науқастарға арналған сауықтыру орталығынан тұратын Жүрек-қан тамырларын емдейтін кластерлік орталыққа айналмақ.

Ал, кардиорталық ұжымы орталық өзінің  мәртебесінен айырылса, хирургтер жүрекке күрделі оталар жасай алмауы мүмкін деп мұндайбіріктіруге қарсы білдіруде.

– Оталарды жасау- білікті дәрігерлер, кардиохирургтер мен қажетті құрал-жабдықтарғабайланысты. Кардиохирургиялық оталар, емдеу жолдары жоғары технологиялық медициналық қызметтер барлық деңгейде өткізіледі. Мәселе-кардиорталықтың жеке жұмыс істеуі немесе қалалық емхананың құрамында болуында  емес,–дейді А. Күзеков.

 Сонымен бірге, 360 миллион теңге кредиторлық қарызы бар кардиорталықты қаржыландыру деңгейі де сол күйінде қалады. Орталықтың штат кестесі де өзгермейді. Тек қана, орталық басшысының лауазымы қысқарады.

Лауазымы қысқаратын әкімшілік қызметкерлері жұмысқа орналастырылады. Бұған дейін жасалған ұжымдық шарттар біріктіруден кейін де орындалады.


Павлодар