Кино • 09 Желтоқсан, 2019

Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл байқауда алғаш рет қысқаметражды фильмдермен қатар дебюттік толықметражды картиналар да бақ сынады. Халықаралық додаға әлемнің 44 елінен 360 картина қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті

Шараның тағы бір маңызды тұсы – халықаралық киномектептер қауымдастығына жаңа мүшелерді қосуға қатысты меморандумға қол қойылды. Биыл оған Ресей, Армения және Непалдың үш киномектебі мүшелікке кірді. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.  

«Осы фестивальді тек қазақтың киноның аясында өткізу керек деп ұсыныс жасаған. Біз бұл ұыныспен келіспейміз. Себебі, басқа мемлекеттен, басқа континенттен келгенге конкуренция ретінде біздің ұлттық киномыз сол кезде ғана сапасы да дәрежесі де, жоғарылайды деп мен кәміл сенемін», деді «Бастау» фестивалінің президенті Сергей Әзімов. 

Байқауда 9 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздік фильм бас жүлдесін Оңтүстік Корея жеңіп алды. Ал «Үздік әйел рөлі» номинациясы «Көңілден кеткен» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Юдита Франковичке бұйырды. Әлемнің мықтылары жиналған байқауда Қазақстандықтар да жеңіс тұғырынан көрінді. Самғар Рахым қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.

«Дипломмен ауылға» деген фильмді ұсындым. Бұл – Қазақстандағы жағдайды көркем жеткізетін фильм. Қазір ешкім дипломмен ауылға бармайды. Жылына 200 мың адам бітіреді,  2018 жылы 17 адам барыпты. Сондықтан фильмнің атауын осылай атадым»,  деді кинорежиссер Самғар Рахым.