Облыста «Менің ауылым – менің мақтанышым» байқауы өтті. Елді мекендерді көркейтуге, абаттандыруға арналған істерге белсенділікті көтеруге мұрындық болып отырған осындай шараның бірі Абай ауданындағы Топар ауылында ұйымдастырылды. Ол көшелерінің жасыл желекке малынуымен, үйлерінің көз тартуымен, аулаларының әрдайым тап-таза болуымен алысқа аян. Бұл – тұрғындарының ортақ тілекті талаптарының арқасы. Мұнда тоқсан сайын «Көрікті көше», «Әдемі үй», «Таза аула» сияқты конкурстардың жаңа жеңімпаздары анықталады.
Ауыл мерекесіне арналған шараны басқа да ауылдар өкілдері қызықтады.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы,
Абай ауданы.