25 Шілде, 2013

Ағайын ауылдан кетпесін десек...

392 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алдағы тамыз сайлауында әр ауыл өз әкіміне таңдау жасайды. Біздің облыста сайлауға дейін 173 ауылдық аумақ болса, қазір әкімшілік реформалар өзгерісіне орай 148-ге азайып қал­ды. Облыстағы ауылдық аумақтарда халықтың орналасуы, демографиялық жағдайлары әртүрлі. Кейбір ауылдар болса, қа­лалар маңында облыс орталығына, өндірісті қалаларға қа­райды, ал Ақжар, Аманкелді, Ақшиман, Озерное, Жайма, Мың­көл сияқты ауылдар тіпті шалғайда орналасқан. Одан кейін аты шыққан қос қала – Екібастұз, Ақсуды моноқала деп бір­ шық­ты, бұларға қарайтын ауылдар моножүйеге қарамайды, ра­диу­сына сәйкес келмейді, өз күндерін өздері көрсін деп тағы шықты.

Әкімдердің өздері осы екі қалаға қарасты ауылдар не ауылдарды дамыту бағдарламасына, не шағын қалалар бағдарламасына енбейді.Үкімет назарға алып, қолдамаса, бұл ауылдардың күні не болмақшы деп отыр. Сайлауға дейін облыстық әкімдік тапсырмасымен ауылдық аумақтардың шекараларын қайта қарау жөнінде оңтайландыру шарасы қолға алынды. Жаңа өзгерістерге сәй­кес биылдан бастап бір ауылдық аумақтағы халық саны 2 мың болуы керек. Мысалы, облыстағы Ақсу қаласына қарасты Евгеньев­ка деген ауылда 2156 адам тұр­са, ал Екібастұз қаласына қа­рас­ты шалғайдағы Комсомол ауылдық аумағында 505 адам бар. Бұл жақтың ауылдары үдере қалаларға көшіп келді. Ауылдарда халық саны, мектептерде оқушылар саны мүлде азайып барады. Туу көрсеткіштері төмен. Қайта оралман ағайындар келіп ауыл іші толып қалды.

Қайбір жылы елдің жүрегін ауыртып «болашағы жоқ ауыл­дар» деген қара тізім жасалып, са­натта тұрған бәленбай ауылы­мыз саннан шығып қала берді. Облыстағы Май ауданында 10 мыңға тарта халық бар десек, әр ауылдық аумаққа 2 мың тұрғыннан бөлгенде 5 ауылдық аумақ қана келеді. Ел, халық қайда кетті, көшіп-көшіп қалаға кетті. Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде 10 мыңдай халық тұрады. Өйткені, бұл жерде өндіріс, жұмыс орындары бар. Майқайыңға жергілікті басшылар көңіл бөлсе, тамаша бір жұмысшылар кенті болып шығар еді. Екібастұздың Бәйет ауылы жайнап тұр. Былтыр өңірдегі 25 үлгілі деген тірек ауылдары қатарына алынды. Осы ауылдағы бүкіл оралман отбасылары бала-шағасымен түгел қастарындағы Бозшакөл кен байыту комби­на­тының құрылысында жүр. Жер­гілікті басшылар, ауыл әкімдері сондықтан ауылдарда жұмыс орындарының көптеп ашылуына нақты қолдау, жағдай жасап беріп отырса, ел орнында қалар еді. Бар мәселе осында.

Аудан орталығы – Баянауыл­дың өзінде 5 мыңға тарта халық қалса, осы аудан бойынша 40 адам тау баурайында отырған 14 ауылдық аумақтың әкімі болу үшін сынға түспекші. Ал Ақсу қаласына қарасты 15 ауыл­дық аумақтан 6 ауылдық аумақ қана қалатын көрінеді. Қызылжар, Сарышығанақ, Алға­бас пен Айнакөл сияқты қала­ның дәл түбінде отырған ауылдар қосылып, бір ауылдық аумақ­ты құрайды. Өкінішке қарай, қалалардың дәл түбінде тұрғандарымен шалғайдағы ауылдармен күнкөрістері бірдей. Қыстың күні осы қала іргесіндегі Қазалы ауылына барып, ренжіп қайтқанымыз бар.Талай жылдар бойы жөндеу көрмеген Алғабас ауылының шұрқ-шұрқ тесік жолын сайланған ауылдың жаңа әкімі жөндеп берсе жақсы. Өңірдегі үш қалаға қарасты ауылдық аумақтарды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп жатқаны қуанышты.Облыс орталығына қарасты 5 ауылды дамыту үшін 3 жылда 17 млрд. теңге жұмсалмақ екен. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы негізгі міндеттердің бірі болмақ. Қала түбінде тұрған бұл ауылдардың экономикалық тұрғыдан артта қалғанын ауылдардан облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көліктердің бір күн ауру, бір күн сау жағдайын айтсақ та жеткілікті. Жер телімдері үлестірілгенімен, жеке тұрғын үй жүйесінде электр желілері, су жоқ. Әр ауылдың өзіндік бағытын айқындау қажет. Өндірісті қа­ла­ларға қарасты әр ауылды алға жетелейтін жобаларды жү­зе­ге асыруға мән беру керек. Мәсе­лен, Екібастұз қаласындағы «Бозшакөл» кен-байыту ком­би­натының айналасындағы үш ауылды дамытуға мүмкіндік жетеді.

Ал жақсы бір мысал, 3 мыңдай халық тұратын Солнечный кенті ГРЭС-2 стансасының мойнында тұр. Бұл алып кәсіпорын бизнестік ауылдың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік міндетін атқарып отыр деген сөз. Алдағы уақытта әкімдердің жұмысын бағалау үш талаппен – салық түсімдерін молайту, жаңа жұмыс орындарын құру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау негізінде жүзеге аспақшы. Талап үдесінен шығу үшін ауылдардың орналасу ерекшелігі, халқының тығыздығы маңызды болады. Бір ауылда 400-500 адам тұратын болса, жұмыс ресурстарын, кәсіпорын құру мүмкін емес. Сондықтан шағын ауылдарды біріктіру арқылы ж