Президент • 10 Желтоқсан, 2019

Бірқатар кездесу өткізді

16 реткөрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Онда Үкіметтің еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж тұрғындардың жағдайына қатысты атқарып жатқан жұмысы туралы айтылды. 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, ең алдымен, аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі.

Мемлекет басшысы облыстардағы азаматтардың арыз-шағымдарын әділ әрі тиімді қарастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Осыған байланысты барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі айтарлықтай артатын болады.

Кездесу барысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін сапалы жүзеге асыру мәселесі де қарастырылды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қорғаныс министрлігіне, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына және «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы баяндады. Есеп комитетінің төрағасы «Қазақстан инжиниринг» компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ретсіз шығындар, қарыз жүктемелерінің артуы, холдингтегі өндіріс жүйесінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аудит қоры­тындысы бойынша жинақталған материалдарды өкілетті органдарға жол­дауды, лауазымды тұлғалардың жауап­кершілігін қарастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақы ас: дәстүр мен дәм

Руханият • Кеше

Терезеден қарама...

Руханият • Кеше

Аға мен іні

Қоғам • Кеше

Ысқақ қажы әулие

Руханият • Кеше

Қабан, Тәңкі және Быдық

Руханият • Кеше

Қайық күткен күн

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар