Руханият • 10 Желтоқсан, 2019

Фариза ақынның ұстазы

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Клара Дмитриевна Зорина – Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау­­реа­ты, қоғам қайраткері Фари­за Оңғарсынованың ұста­зы. Сырлас досына айналған тұл­ғаның 80 жылдығына орай Ақтау қаласындағы IT лицейі­нің оқушыларымен кездескен Клара апай өзінің талантты шәкіртін – еліміздің айтулы ақын қызын сағынышпен ес­ке алып, ол туралы ойларын ор­таға салды.

Фариза ақынның ұстазы

Оның Фаризамен таныс-біліс­тігі 1954 жылдан басталыпты. Өз оқушыларынан небары 5-6 жас үлкен ұстаз ауыл мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруге барады.

– Мен Гурьев (қазіргі Аты­рау) облысының Ново­богат ауданына қарасты Ма­на­шы ауылына ұстаз болып б­ардым. Болашақ танымал ақын Фариза мен сабақ бере­тін сыныпта оқыды – ол бас­тамашыл, мұқият, алғыр, та­­лантты және туған елін, же­рін сүйетін қыз болды. Сө­зінде тұ­ратын, бір нәр­сеге уәде бер­се орында­май тынбайтын жауап­кершілігі жоғары оқу­шы еді, сондай-ақ домбыра­ны жақсы тартушы еді. Қа­зақтың белгілі күйшілерінің шы­ғар­маларын үйреткан анасына риза болатын. Ол бір оқулық же­тіспейтін қиын кез еді, ал­ты сабақтан соң балалар қа­лып менің ай­туым­мен диктант жазатын. Бір-бірімізге өк­пе-реніш, арыз-шағым жоқ, бірімізді-біріміз түсініп, қолдап, біріге кететінбіз. Мен оларға орыс тілін үйреттім, ал олар маған қазақша үйретті, – деп алыс күндерді жылы шы­рай­мен еске алды Клара Зо­рина.

Бүгінде 86 жасқа толған Клара Зорина Фариза, оның өмі­рі, ол сүйіп жырлаған Маң­­ғыстау тақырыбына кө­бірек оралып, лицей оқу­шы­­ла­рына көп мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Дорогой, любимой Кларе Дмитриевне – с бесконечным чувством поклонения перед ней. Фа­риза, ваша скромная ученица. 1984, 7 июля, Алма-Ата» деген қолтаңбасы қал­ған кітапты қастерлей ұс­тап, халқының ықыласына бө­ленген ақын шәкіртін әр­дайым есіне алып отыратынын жеткізді.

Ақтаудағы кәріс этно­мәде­ни бірлестігі шә­кірт­терін оқу­­­­шы Фа­ри­за­ның өмірімен және оның көзі тірі ұстазы Кла­­ра Дмитриевнамен жүз­дестіру бары­сында балалар Фа­риза Оң­ғарсынованың өлең­­­­дерін жат­қа мәнерлеп оқы­­ды.

Шәкірті үшін мерейлен­ген ұстаз-ана лицей оқушы­ларына алғысын жеткізіп, өнегелі буын болып өсіп-жетілуіне ті­лек білдірді. Қарт ұстаз ба­ла­­лығы соғыс, одан кейінгі қиын жылдарға тап келген Фа­риза замандас­тарымен қа­зір­гі балалардың жағдайын, за­манын салыс­тыруға келмей­тін­дігін, сон­дық­тан бар мүм­кін­­дікті пайдаланып оқып-білім алуға ты­рысу қажеттігін айтты.

Маңғыстау облысы