Қараша айының 28-күні мектепке кеткен Денис Матвеев үйіне қайтып оралмаған. Содан бері 12 күн бойы Рудный қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен волонтерлер із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздеген болатын.
Кеше желтоқсанның 9-күні полицейлер Денисті Рудный қаласының түбіндегі Юбилейный деп аталатын саябақ поселкесінен тапты. 13 жасар жасөспірімге ешқандай зақым келмеген, дін аман.
Бұл Денистің бірінші рет жоғалуы емес. Қыркүйек айында да «із-түзсіз жоғалған» Денисті полицейлер гараж кооперативінен тауып алған болатын.