Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Кен алыбында қайғылы оқиға болды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кен алыбында  қайғылы оқиға болды

Кен өндіру бірлестігіндегі кен дайындау және байыту фабрикасында  адам өлімі болды. Жұмыс ауысымының соңында ұсатқыш маман учаске жиналысына келмей қалған. Ауысым жетекшісі технологиялық персоналға жұмыс орындарын тексеруді тапсырды.

Іздеу кезінде механикалық қысылып қалған жұмысшының денесі жетек барабанының түсіп тұратын қондырғысынан табылды. Алдын ала болжам бойынша, мамандар өлімнің себебін қозғалмалы техниканың әсерінен болуы мүмкін деп отыр. Марқұм жұмысшының жарақаты өте ауыр болған.

Қазір оқиға орнында тексеру-тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.