КК(б)П Орталық Комитетінің «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала туралы қаулысы республикамыздағы мектеп мұғалімдері үшін ең бір маңызды мәселе екендігі даусыз. Бұл қаулыда Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» деген кітабында марксизмге жат, өрескел саяси қателіктері әшкереленді, оның Кенесары-Наурызбай Қасымовтардың шапқыншылық әрекеттерін бағалауда буржуазияшыл-ұлтшылдық жолға түскендігі атап көрсетілді.
Кенесары қозғалысына марксизм-ленинизм ғылымы тұрғысынан баға бере алмау сыяқты өрескел қателіктер кейбір әдебиет зерттеушілеріміздің еңбектерінде, сондай-ақ Оқу министрлігі бекітіп, орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары мен оқу программаларында да орын алып келді.
БК(б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі тарихи қаулысына сәйкес ҚК(б)П Орталық Комитетінің Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл-әдебиет институтының жұмысында болып келген өрескел саяси қателіктер туралы 1947 жылғы қаулысынан кейін Казақ ССР Оқу минстрлігі оқу құралдарының идеялық-саяси дерекесін көтеру жөнінде көптеген жұмыстар істеді.
Солай бола тұрса да, орта мектептерге және жоғары оқу орындары мен педучилищелерге арналған оқу программасы мен оқу құралдарында әлі күнге дейін идеясы жат кейбір шығармаларға біржақты, теріс баға берушілік орын алып келді. Орта мектептерге арналып профессор Панкратованың редакциясымен шыққан «ССРО тарихынын» екінші бөлімінде Кенесарының шапқыншылығы ұлт-азаттық көтеріліс деп теріс бағаланды. Бұл сыяқты қателіктер орта мектепке арналған әдебиет құралдарында да жоқ емес.
Орта мектептерге арналған әдебиеттік оқу құралдарының авторы профессор X.Жұмалиев (VIII класқа арналған оқу құралында) В. Белинскийдің – Ломоносов пен Пушкиннің араларында үзілмей келе жатқан желілі байланыс бар деген пікіріне сүйеніп: «...Бұхардан бастап Абайға дейін әдебиетімізде үзілмей келе жатқан өзек, желі, байланыс бар дейміз. Бұхар аты мәлім бірінші ақын болса, онан кейінгі Дулат, Махамбет, Шернияз, Нысанбай, Шортанбай, Мұрат тағы басқалар болды» деп (144-бет) жазды. Бұл феодалдық құрылысты дәріптеген Бұхар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Нысанбай сыяқты кертартпа ақындар мен қазақ халқының ұлы ақыны Абайды қатар қойып, солармен «өзектес», «желілес», «байланысты» деуі әдебиеттің даму процесіне кір келтірушілік еді. Сондықтан бұл пікір ұшқары айтылған теріс пікір болып табылады. Әдебиет тарихының осы сыяқты дұрыс зерттелмеуінің салдарынан оқушы балаларға тәрбиелік мәні жоқ шығармалар оқу құралдарынан соңғы уақытқа дейін орын алып келді.
X.Жумалиев жолдас жоғарыда айтылған оқу құралында Шортанбай сыяқты кертартпа ақындар жөнінде Абайдың:
«Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау.
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау» деген өлеңіне талдау бере келіп, «Абая өзінен бұрын өткен атақты қазақ ақындарына бір жағынан сүйсіне отырса, екінші жағынан оларды қатаң сынайды» деп, Шортанбай, Дулат, Бұхар тәрізді кертартпа ақындарды асыра дәріптейді.
Бухар жырау жөнінде автор: «Бұхар өз дәуірінің ұраншысы» дегенге шейін барды. Сол сыяқты VIII класқа арналған хрестоматиясында X.Бекхожин Бұхардың феодалдық әдет-ғұрыпты көтере дәріптейтін өлеңдерін окушыларға үнемі ұсынып келген.
Феодалдық қоғамды аңсаған ақындарды дәріптеу сыяқты қателіктер оқу программалары мен оқу қуралдарында орын алып отырды. Қазақ халқын ұлы орыс халқынан бөліп алғысы келген, хандығын құрып, үстемдігін жүргізбек болған сұлтан Кенесары Касымов және оның қолшоқпары болып, жырын жырлаған Нысанбай ақын Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысының жыршысы Махамбет сыяқты акындардың қатарында дәріптелді. Сол сыяқты Кенесары-Наурызбайларды дәріптеп, оларды оқушылардың есіне салып отырушылық әдебиет оқу кітабының әр жерінде кездесіп отырады.
X.Жумалиев пен С.Мұқановтың орта мектептің IX класына арналған оқу құралыпда Абылай мен Кенесарыны көтере мақтайды және оларға арнап «Абылай», «Кенесары» атты поэмалар жазған молда Көкбайды Абайдың шәкірттерінің қатарына қосып, Абаймен идеялас етіп көрсетпек болады. Сонымен олар халық мүддссіне қарсы шабуыл жасап келген Кенесары мен Наурызбайды оқу құралдарында ел қамын ойлаған ерлер деп, оларға саяси теріс баға беріп, соңғы уақытқа дейін мадақтап келді.
Профессор Жұмалиев IX класқа арналған оқу құралында Күдері, Ақмолда, Нұржан сыяқты кертартпа ақындарды «халық ақындары», халық қамын жеген деп дәріптейді.
Оқу құралдарында мұнан басқа кемшіліктер де аз емес. Жоғарыда көрсетілген қате пікірлердін осы күнге дейін оқу программалары мен оқу құралдарында орын теуіп келуіне авторлармен катар сол кітаптарды қарап бекіткен Казақ ССР Оқу министрлігі де жауапты.
Қазақ ССР Оку министрлігі республикамыздағы бастауыш, жетіжылдық, орта мектептермен бірге, педучилищелер мен жоғары оқу орындарының да оқу-тәрбие жұмысына жауап беретіні белгілі мәселе. Сондықтан Оқу министрлігі педучилищелер мен жоғары оку орындарын ғылми тұрақты, идеялық жағынан құнды, жүйелі білім бере алатындай оқу программасымен, оқу кұралдарымен қамтамасыз етіп отыруға міндетті.
Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары мен әдебиеттердің (қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің оқу құралдары мен программалары) біразы республикамыздың өзінде шығады. Жоғары оқу орындарына арналған қазақ әдебиеті оқу құралдарының жоқ болғандығынан Оқу министрлігі Қазақ ССР Ғылым Академиясының басын шығарған жеке монографиялары мен коллектив болып шығарған еңбектерді жоғары оқу орындарына негізгі оқу туралы есебінде ұсынуға мәжбүр болып отыр. Жоғары оқу орындарына ұсынылып келген құралдардың ішінде профессор М.Әуезовтің редакциясымен шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы оқушы жастарымыз бен халқымыздың бұл жөнінде қойып отырған талабын ақтамаған еңбек. Бұл кітапта Кенесары, Наурызбай халықтың қамқоршысы есебінде асыра дәріптеліп, тарихи шындық бұрмаланып көрсетілген. Қазақ әдебиеті тарихының бірінші томындағы «Кенесары Наурызбай туралы тарихи жыр-әңгімелер» деген бөлімде саяси қателіктер кең өріс алып, хандықты өз қолына алу үшін күрескен, қазақ халқының жауы Кенесары Қасымовтың тұқымдары «ел қорғаны болған батыр еді» деп сыйпатталады.
Осы бөлімді жазған Е.Исмаилов «XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күрестерінің ең бір іргелісі Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі еді» (311-бет) деп тарихи шындықты көрер көзге бұрмалайды.
Қазақстан тарихын және әдебиет тарихын бұрмалаушылық Қазақ ССР Оқу министрлігіне қарайтын жоғары оқу орындарының тарих және әдебиет кафедраларында да орын теуіп келді. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих кафедрасының менгерушісі доцент X.Әділгереев саяси және саяси және теориялық елеулі қателіктер жіберді. Доцент X.Әділгереев кейінгі уақытқа дейін Бекмахановтың саяси теріс, жат пікірін жанын сала қорғап, ол пікірді студенттер арасына таратып, мадақтап келді.
КК(б)П Орталық Комитетінің «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақала туралы қаулысынан кейін Қазақ ССР Оқу министрлігі жоғарыда айтылған көптеген қателіктер мен кемшіліктерді жою үшін бірсыпыра шаралар белгіледі.
Ең алдымен орта мектептерге және педучилищелерге арналған оқу программалары негізінен қайта қаралып шықты. Жоғары оқу орындарына арналған программалар да қайта қаралып жатыр. Казақ халқының ұлы орыс халқымен достасуына бөгет жасамақ болып, енбекші халықты кейінге сүйреуге тырысқан Бұхар, Нысанбай, Шортанбай, Мұрат, Көкбай сыяқты ақындар орта мектеп оқу программаларынан бүтіндей шығарылып тасталды.
ҚК(б)П Орталық Комитетінің қаулысын негізге ала отырып, Оқу министрлігі Қазақ ССР Ғылым Академиясының тарих және тіл-әдебиет институттарымен бірігіп, барлық оқу қуралдарын кайта қарап, түзетіп жатыр. Сол сыяқты бұрын оқу программалары мен оқу құралдарында орын теуіп келген Кенесары мен Нысанбайға арналған бөлімдер жаңа жасалған оқу программасы мен оқу құралдарынан шығарылып тасталды. КК(б)П Орталық Комитетінің «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік- лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаласына байланысты қаулысы август айында болатын мұғалімдер кеңесінде оқу-тәрбие жұмыстары жөнінде қаралатын негізгі мәселелердің бірі ретінде қойылып, тарих және әдебиет сабағында болып келген қателіктерді жою шаралары белгіленеді.
Бұл шаралар қазақ тарихын дұрыс түсініп, осы уақытқа дейін болып келген кемшіліктерді тез арада жойып, оқу-тәрбие жұмыстарының идеялық дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.
Сонымен бірге қазақ тарихы және қазақ әдебиетінің программалары мен оқу құралдарын маркстік-лениндік ілімнің негізінде қайта қарап, оларды болып келген қателіктерден тез уақыттың ішінде тазартып, оқушыларға маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалған оқу құралдарын беру Қазақ ССР Оқу министрлігінің алдында тұрған өте шұғыл міндеттердің бірі болып отыр.
Ә.ШАРИПОВ,
Қазақ ССР Оқу министрінің орынбасары
«Социалистік Қазақстан», 15 июнь, 1951 жыл