Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Алматыда тәуелсіздік күні қарсаңында «АББ үздік пациенті» марапатталады

275 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты «Ауруларды басқару бағдарламасының үздік пациенті» атты бірінші республикалық байқауын жариялаған-ды.

Алматыда тәуелсіздік күні қарсаңында «АББ үздік пациенті» марапатталады

Конкурсқа қатысатын үміткерлерді таңдау – науқастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі, жүйелі түрде дәрігерге көріну және тексерілу, дәрігерлер тағайындаған барлық ем-дмды, кеңесті орындау, дұрыс тамақтану және диета ұстау, базистік препараттарды тұрақты қабылдау, қандағы қант, холестерин, триглицерид деңгейін төмендету, ауруды асқындырмау сияқты өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Алғашқы байқауға Орал қаласында облыстық конкурс өткізіліп, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардан 8 пациент қатысты. Конкурс үш кезеңде өтті. «АББ-ның үздік пациенті» атағына ие болу үшін үміткерлер өзін-өзі таныстыру сияқты шығармашылықтарын ұсына отырып, викторина сұрақтарына жауап беріп, өнімдер кәрзеңкесін тез және дұрыс жинау жарысына қатысты.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Абдрахманова, ҮЕҰ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымдары бақылау кеңесінің мүшелері, МСАК жөніндегі аймақтық үйлестіруші, аймақтың штаттан тыс бас кардиологы және эндокринологынан құралған құзырлы қазылар алқасы екі жеңімпазды таңдап алды. Олар – Ирина Воробьева (№1 қалалық емхана) мен Евгений Диденко (№3 қалалық емхана). Көрермендер ықыласы сыйлығына Айсұлу Досжанова (Сырым аудандық ауруханасы) ие болды.

«Ауруларды басқару бағдарламасына менің қатысып жүргеніме 3 жыл болды. Осы уақыт аралығында біраз салмақ тастадым. Біз көрсеткіштерді өзіміз бақылап отырамыз, себебі өз денсаулығымызға өзіміз жауаптымыз» – дейді Ирина Воробьева.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова осы өңірде үш жыл бойы жүзеге асырылып жатқан Ауруларды басқару бағдарламасының  тиімділігі жоғары екендігін, АББ тобына енгізілген пациентер арасында жедел науқастардың азайғанын, барлық қатысушылардың денсаулықтарының едәуір жақсарғанын атап өтті.

Бағдарламаның басты артықшылығы: бұрын дәрігерлер ұсынымдарды ұстануды және ем қабылдауды пациенттерден ұдайы талап ететін,бүгінгі күні жағдай біртіндеп өзгеріп келеді. Бұл дәрігер мен пациент  арасында серіктестік орнатуға септесіп отыр. Олар қауіпсіздік факторларын бірлесе өңдейтін болады және азаматтар  емдеу күнделігін жүргізеді, дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ «Ең озық пациент» конкурсы Ақмола облысында да өткізілді. Облыстық конкурсқа 8 адам қатысты. Үш конкурс барысында қатысушылар денсаулық туралы өз білімдерін көрсетуге тырысты. Қазылар алқасыүшін бағдарлама кезінде қол жеткізген медициналық көрсеткіштердің жағымды динамикасы басты аргумент болып саналды.

Қатысушылар өңірде енгізілген бағдарламаның өмірге деген көзқарастарының түбегейлі өзгерткенін және осы кезең арасында қандай нәтижеге қол жеткізгенін айтады. Кейбіреулері 8, басқалары 12 килограмм салмақ тастап, арықтағандарын, осылайша киім-кешектерін жаңартуға тура келгендігін әзілмен жеткізді. Енді пациенттер осы бағдарламаның пайдалы екендігін, өздері де басқа адамдарға көмектесетіндіктері туралы мәлімдеді.

Конкурс нәтижесі бойынша үшінші дәрежелі дипломға Сандықтау ауданының тұрғыны Татьяна Черевко ие болса, Атбасар қаласының тұрғыны Жаңагүл Абдрахманова екінші  орынды иеленді.  Оның айтуынша, аудандық деңгейде жүлделі орынға ие болғандықтан, облыстық деңгейге қатысуға мүмкіншілік алған екен. Сондай-ақ ол бұл бағдарламаға өткен жылы ғана қосылғанын, содан бері өзіне және ауруына деген көзқарасының өзгергені, өмірінде спорттың пайда болғаны, жұбайымен бірге өмір салтын түбегейлі түрде жаңартқаны, дұрыс тамақтануға, рационды дұрыс құрастыруға көңіл бөле бастағандары туралы айтты. Басты сыйлықты көкшетаулық Валентина Горностаева иеленгендіктен, конкурстың республикалық деңгейіне облыс атынан қатысатын болды.

Сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында да конкурстар өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми – зерттеу институтында республикалық байқау қорытындыланып, өз денсаулығына жүрдім-бардым қарамайтын жеңімпаздар марапатталатын болады.