Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған

1575 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітаптар бар, оның көпшілігі Кеңес үкіметі кезіндегі алуан түрлі басылымдар. Олардың кейбірі Еуропа баспаларында басылған және кеңестік кезеңдегі кітап сөрелерінен кездеспейтін басылымдар.

Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған

Д.А. Қонаев музейінің негізгі мемориалдық бөлігінде оның тарихи-өмірбаяндық деректеріне сәйкес әрбір заттар хранологиялық және тарихи негізде орналастырылған. Музейдың бай қазынасымен таныстық өткен ғасырдың 70–80 жылдарында Дінмұхамед Ахметұлының өзінің жинаған жеке бай кітапханасынан басталады, делінген музей тарихына қатысты мәліметтерде. Ал мұражай қорында 3 мыңға жуық жәдігер жинақталған.

Д.А. Қонаев музейі 2002 жылдың қаңтар айының 12 күні Д.А.Қонаевтың 90 жасқа толуына байланысты музей салтанатты түрде ашылды. Одан бергі аралықта жастарға патриоттық тәрбие беруде игілікті істерді жүзеге асырып келеді.

Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткер» тақырыбын қамтиды. Дінмұхамед Ахметұлының қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы жайлы осы деректер мен тарихи мағлұматтар музейде сақтаулы.

Д.А. Қонаевтың музейі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойының құрметіне 2012 жылдың 12 қаңтардан бастап «Д.А. Қонаевтың мемориалды пәтер-музейі» көрермендерге есігін ашты. Бұл музей Кеңес үкіметінің кезінде Алматыдағы сәулеттілік жағынан ерекше дараланатын үйлердің бірі болатын.

Өткен ғасырға өшпес із қалдырып, «Ғасыр саңлағы» атанған ұлы тұлғаның 100 жылдығын барша халқымыз қуанышпен атап өтті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен Д.А. Қонаевты еске алу кештері, халқымыздың біртуар ұлының өмір баяны қоғам қайраткері ретіндегі қызметі, адамгершілік керемет қасиеттерін насихаттау рәсімдері жалғасып келеді.

 

АЛМАТЫ