Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Алматыда патриоттық әндер кеші өтті

782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, 2019 жылдың 10 желтоқсан күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Патриоттық рух – басты құндылық» бірлескен жобасын жүзеге асырып отыр. Осы бастама аясында аталмыш Қор  Қазақстан Жазушылар Одағының үлкен концерт залында патриоттық әндер мерекелік кешін өткізді.

Алматыда патриоттық әндер кеші өтті

Жастарды елжандылыққа шақырған кешке от жүректі, өжет мінезді желтоқсан көтерілісіне қатысқан сол буынның өкілдері шақырылды.

Концертке эстрада жұлдыздары, атап айтқанда, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Гүлнар Сиқымбаева, Байғали Есенәлиев, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, жастар сүйіп тыңдайтын «Жебе» тобы, «Салтанат» ән-би ансамблінің әншісі Мейіргүл Нұрмағанбетова мен талантты жас әншілер Жұбай Ғазиз, Сулеймен Шалқар, Салтанат Мырзабаева, Алтынай Мәлік, Қуат Қонысбеков, Қыдырмолдаевтар тобы, Қасым Едіге, Аманғазы Кәріпжан, Набижан Байтеков, Даурен Баймырза, әнші, «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Әдия Бұрханова, «Балдаурен», «Гунчилар» топтары ұлттық-патриоттық шығармаларды орындап, көрермен рухын көтеріп, тамаша сезімге бөледі.

о

Желтоқсаншы ақындар Аманғазы Кәріпжан, Нәбижан Бәйтековтер жүректерінен шыққан патриоттық өлеңдерін оқып, желтоқсан картинасын көпшіліктің көз алдына алып келді.

Кешке жиналған жастар рухтанып, ерекше сезіммен тарқасты.

 р

 

АЛМАТЫ