Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы суицид азаймай тұр

47 реткөрсетілді

Өкінішке қарай, Алматы облысында биыл жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы азаймады.

Өткен он ай ішінде 33 бала суицидке оқталып, оның жиырма екісінің қыршынынан қиылғаны жайында дерек бар. Ал бұрнағы жылы 15-17 жас аралығындағы өрендердің өлімге мойынсұну дерегі қырықтың үстінде болған екен.

Суицидке итермелеген себептер де әр алуан. Мамандар адамның өзіне қол салуын жүйке жүйесінің сыр беруі мен әлеуметтік, қаржылық, отбасылық қиындықтардың шешімін таба алмау сияқты жағдайларға сілтейді. Ал балалар арасындағы оқиғалар ата-ана арасындағы кикілжің, балалардың өзара кикілжіңі, мұғалімдер тарапынан айтылған ескертпелерден кейін орын алады екен.

Дәл осы жерде мектеп мұғалімдері тарапынан қыспақ көріп, өзіне қол жұмсаған дерекке назар аудару қажет сияқты. Мәселен, жыл басында облыстың Талғар ауданында 9-сынып оқушысы сабақтан кейін өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысқан еді. Өкініштісі, мектепте болған кикілжіңнен кейін үйіне келген оқушы қораға кіріп, асылып қалыпты.

«Ұлым сол күні сабақтан көңілсіз келді. Себебін сұрағанда, 7 сыныптың оқушысымен төбелескенін білдім. Осы оқиғаны көрген мектептің география пәнінің мұғалімі оны бүкіл мектеп оқушыларының көзінше жазалап, намысын тиетін сөз айтқан. Мұны төменгі сыныпта оқитын қызым айтып келді. Мен ұлым сабасына түскесін сөйлесуді ойлап, істі ушықтырмадым. Ол қораны тазалауға шығып кеткен. Артынан барғанымызда асылып қалыпты. Жанұшырып дәрігер шақырдық, көмектсе алмадық, - деген еді сол кезде қан жұтқан ана журналистерге.

Айтпақшы, аймақта балалар арасындағы құқықбұзушылық та көбейіп тұр. Мұның бір себебін құзырлы орындар мектеп инспекторларының жетіспеушілігінен іздейді. Қазір аймақтағы 760 білім беру мекемесінде бар болғаны 182 полиция уәкілі жұмыс істейді екен.

 

 

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті

Оңтүстік Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар