Руханият • 12 Желтоқсан, 2019

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайбергеннің 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өткен жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер жиналды. Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болды.

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Қазақтың талантты ұлы­­­­­­­ның өнерін тама­ша­­­­­лауға келген көрер­мен­ қа­­зақ ті­лінде шыр­қал­ған компози­цияларға те­бірен­іп, Димашпен бір­ге орындады. Жан­кү­­йер­лердің басым бөлігі Д.Құ­дайбергеннің әндерін жат­қа біледі. Олар қазақ ті­ліндегі ән мәтінін түсіну үшін өз тіл­деріне аударып, тіпті қа­зақ тілін үй­реніп жүргені туралы бас­пасөз құралдарында жазылып жүр.

Концерт барысында Ди­маш пен музыканттар орын­даған «Адай» күйі де тың­даушылардың құ­лақ құрышын қан­дыр­ды. Сондай-ақ жас талант әрбір әнін орын­да­ған са­йын: «Менің отаным – Қазақстан!» деп, жиналған қауымды елімізге келуге шақырды.

Грэмми сыйлығының иегері, перулік атақты әнші Ева Айлан Димаш Құдай­бергенді көру үшін өз кон­цертін кейінге шегеріп, Нью-Йоркке ұшып келген. Ал концерт соңында «Елім менің» әні орындалды. Үл­кен экраннан көк туымыз желбіреп, қазақ жерінің сұ­лу табиғаты Нью-Йорктің Barсlays center аренасына жи­налғандарды тәнті етті.

Концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күн­дері аясында және Мәде­ниет және спорт ми­нис­­трлігінің қол­дауымен ұй­ым­дас­ты­рыл­ды.