Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Жұмашев, мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым, қоғам белсенділері, «Nur Оtan» партиясының, Арнайы мониторингтік тобының, «Маңғыстау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, ЖОО және колледж студенттері мен оқытушылық құрамы қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті

Осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстар мен тапсырмалардың нәтижелері бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Айдынай Утешева, «Болашақ» колледжінің студенті  Файзулла Путин, тағы басқа азаматтар сөз алды.

Атаулы шарада сөз алған «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ Президенті Жібек Ахметова қоғам тарапынан Адалдық алаңдары мен Арнайы мониторингтік топтарына деген сенімнің артқанын атап өтті.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында белсенділік танытып түрген азаматтарға Алғыс жарияланды.

1