Шара «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде қазақстандық полициясы қызметкерлерінің жаңа келбетін қалыптастыру, полиция мен қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, патриотизмді насихаттау мақсатында өткізілуде. Аталмыш топ бұдан бұрын Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласында болып қайтты.
Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.Халмұрадов аудандық полиция бөлімінде азаматтарды қабылдаудан бастады. Аудан тұрғындарының қойған сауалдары мен мәселелері бойынша А.Халмұрадов Түпқараған ауданы Полиция бөлімі басшысына тиісті тапсырмаларын берді. Қабылдауға зейнеткер мұғалім, тұрғын Қойшыбаев Болат бөлім басшысына мал ұрлығы ашылғаны үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ аудан ардагерлерімен кездесу өтті. Аудандық мәдениет үйінде халық алдында Амангелді Хаирмұхаммедұлы Түпқараған ауданында 11 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Баяндамадан соң Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденовтің марапаттау бұйрығымен Түпқараған ауданы маслихатының хатшысы А.Досанова, «Теңіз Сервис» ЖШС Баутино филиалының басшысы Р.Рысмухамбетов, 2201Б әскери бөлімінің командирі подполковник Ф.Мейрманов, жас маман полиция лейтенанты Д.Сариновтың әкесі Р.Саринов марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев сөз сөйлеп, Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерін, атап айтқанда, Р.Каресов, А.Өтегенов, Қ.Қосарбай сынды полицейлерді қала көлемінде құқық тәртібін қамтамасыз етуге және полиция имиджін арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Қызмет бабында қаза тапқан қызметкер марқұм Қошақбаев Абай Құламергенұлының отбасына және ІІО ардагері Кенеев Ескендір Ғизатұлының үйіне барып, тұрмыстық жағдайларымен танысты.