Президент • 13 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Ең алдымен, баршаңызды келе жатқан қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны бағалай білу бүгінгі және өскелең ұрпақтың міндеті. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөлін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тұңғыш Президентіміз, мемлекетіміздің негізін қалаушы, тарихи және әлемдік деңгейдегі тұлға», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Тәуелсіздікті нығайтудың негізгі жолы экономиканы күшейтіп, өндіріс көлемін арттыру екендігін баса айтты.

«Сонда ғана жарқын болашаққа жол ашамыз. Мемлекет елімізді дамытуға атсалысқан бизнес өкілдерінің еңбегін елеусіз қалдырмайды. Бұл ретте Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен индустрияландыру күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғанын білесіздер. Елбасы индустриалдық-инновациялық даму жолын отандық экономиканың негізгі бағыты ретінде айқындады. Ел экономикасы артқан сайын мемлекетіміздің іргесі де берік болары сөзсіз. Осыған орай көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Маңызды жобалар қолға алынды. Мұның бәрі Қазақстанды дамыған озық 30 елдің қатарына қосу үшін жасалып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.