Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

4164 реткөрсетілді

ЕГЕР ӘКИ ҰЛЫЛАР ҰЛЫ БОЛМАҒАНДА...

Бірде Ньютон алма ағашының түбінде жәйдан-жай қиялға беріліп отыр еді, бір алманың нақ төбесіне топ ете қалғаны бар.

Ұлы ойшыл: «Е, биыл алмадан молшылық  болайын деп тұр екен, бүйтіп сабағынан үзіле берген алманы базарға тасып жеткізіп құтылған жөн шығар...» деген шешімге келді.

***

Архимед тола су құйылған ваннаға түсіп еді, онсыз да ернеуінде тұрған су асып төгіліп еденге төгілгені бар емес пе.

«Қап атаңанәлет-ай, қазір ғой, төменде тұратын көрші жетіп келіп, төбеден су ағыздың деп шат-шәлекей болатын болды-ау» деп күйінді ол.

***

Бірде Колумбқа теңізбен ұзақ сапарға шығуға ұсыныс жасалынады.

Сонда ол іштей: «Неменеге мен Американы ашуға бара қоямын, мұнда маған онсыз да жайлы емес пе» деп кейіген екен.        

***

Шерлок Холмас пен доктор Ватсон бірде қала сыртында палатка тігіп алып түнеп жатыпты. Түн ортасында Ватсон Холмсты түртіп оятып, төбеден төніп тұрған жұлдызды  нұсқап:

 – Сонау шоқ жұлдыз бізге бір нәрсені  меңземей ме? – деп сұрапты.

 –  Жоқ-а... Не, сізге бір белгі бере ме?

 – Маған ол айтады: сіздердің палаткілеріңіз қолды болып кетті дейді...

***

Бірде атақты жазушы Марк Твен бар-жоғы бір ғана сөз жазылған хат алыпты. Ақ парақтың бетіндегі «Шошқа» деген сөзді оқып тосырқап отырып қалады да, ертесінде газет бетінде: «Мен кей-кейде өз аты-жөнін жазуды ұмытып кететін адамдардан хаттар аламын. Ал кеше, өз ой-пікірін жазбай, тек аты-жөнін ғана көрсеткен «ерекше» хат алдым» деп жазыпты.

 

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар