Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Тәуелсіздік күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты жағдайда тапсырды. Еңбегі еленген азаматтардың арасында биыл ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатқан бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлері де бар.

Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, қаламгерлерді ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен және алған марапаттарымен құттықтады.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Ғабит Мүсіреп «Құрмет» орденіне лайық деп танылды.

щ

Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Думан Анаш «Ерен еңбегі үшін» медалін кеудесіне тағып, аталған басылымның жауапты хатшысы Самат Мұса «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

до