27 Шілде, 2013

Қайсысы қымбат: адам ба, айлақ па?

383 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Айыр қалпақты ағайынның өткендегі жерін даулап, қазақ бауырының бақшасына келетін судың жолын жауып тастағаны біраз ойға жетелейді. Екі мемлекеттің арасында келісім болған. Барлығы заң жүзінде жасалған. Қада қағылған. Қоршау жүргізілген. Бірақ қырғыздың шүйкімдей ғана бөлігі суды байлап, бұлқан-талқан болып, үкіметін де, біздің шаруаларды да әбігерге салып қойды. Біздің тараптан ашу туғызатын-ақ жағдай. Бірақ сол жердегі халықтың көзқарасымен қарасаңыз, олар өз мүддесін күйттеп, жағдайларын ойлап отыр. Ең бастысы, олар өздерімен жұртты санастырды. Ал бізбен біреу санаса ма? Міне, сұрақ!

Айыр қалпақты ағайынның өткендегі жерін даулап, қазақ бауырының бақшасына келетін судың жолын жауып тастағаны біраз ойға жетелейді. Екі мемлекеттің арасында келісім болған. Барлығы заң жүзінде жасалған. Қада қағылған. Қоршау жүргізілген. Бірақ қырғыздың шүйкімдей ғана бөлігі суды байлап, бұлқан-талқан болып, үкіметін де, біздің шаруаларды да әбігерге салып қойды. Біздің тараптан ашу туғызатын-ақ жағдай. Бірақ сол жердегі халықтың көзқарасымен қарасаңыз, олар өз мүддесін күйттеп, жағдайларын ойлап отыр. Ең бастысы, олар өздерімен жұртты санастырды. Ал бізбен біреу санаса ма? Міне, сұрақ!

Қызылордаңызда «Протон» құлады. Гептил төгілді. Ел де, жерде уланды. Бірақ «бұ қалай?» деген біреу болды ма? Жан-жақтан жамырап айтқандай болып ек. Сөзіңді құлағына қыстырған адам бар ма? Әрі-беріден соң Астанадан осы салаға жауапты бір адам келді ме? Бекшиннен басқа. Оның өзі «ешқандай қауіп жоқ» деп кетті. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров зымыран құлаған бетте неге келмейді Қызылорданың жеріне?

Арада азғантай ғана уақыт өтті. Осы күні зымыран құламаған, гептил төгілмегендей күй кешіп жатырмыз. Тап бір ештеңе болмаған тәрізді. Сондықтан осы тақырыпқа айналып соғуды өзімізге азаматтық парыз санадық. «Экосос» деген ұйым бар. Астандада. Экологиялық-құқықтық орталық саналады. Экологиялық мәселелерді індетіп зерттеп жүрген ұжым. Жетекшісі Бақытжан Базарбек деген азамат. Төмендегі баяндалар жағдайдың барлығы осы «Экосос» экологиялық-құқықтық орталығынан алынды.

Сонымен сөз алғанның бәрі «гептил ауада жанып кетті, халықтың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ» деп жатты ғой. Бұл өзі не нәрсе? Қауіптілігі қаншалықты? Алдымен осыған аялдайық. Құрамында нитродемитилгидрозин (НДМГ) сияқты улы заттары бар гептил жанар-жағармайын ғарышта пайдаланған сайын оның шөп пен ауылшаруашылық өнімінің құрамында, судың сапасында, топырақ құрамында шоғырлану жолымен ас қорыту арқылы адамның организмінде қалыптасу қаупі туындайды. Ал адамға зиянына келсек, бұл ауруларды қоздырып қана қоймайды, ұрпақ жалғастыру, ұрықтың дамуы, нәрестелердің туу ақаулықтарын да қоздырады. Әсіресе, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер көп зардап шегеді.

– Адамдардың өмір сүру мен өлім деңгейіне тигізетін әсерін алсақ, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында адамның өмір сүру жасы бар болғаны 55 жылды құраған. Сонымен қатар, адам өлімі бойынша еліміздегі ең жоғары көрсеткіш те осы жерде. Ал Қызылорда облысында бала өлімі әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге ие. Әсіресе, зейнет жасына жетпеген шаруалар мен қойшылар арасында онкологиялық ауру салдарынан өлім деңгейі жиілеп кеткен. Байқоныр ғарыш кешенінің №25,15,148 сияқты сынақ айлақтары ең қауіптілері болып саналады. Бұл жерлерде 30 жыл бойына «Протон» зымырандарын сынақтан өткізу айлақтары болғандықтан, НДМГ-мен ластану деңгейі орасан зор. Айналдырған 30-40 жыл ішінде өмір сүруге қауіпті аймаққа айналды, – дейді Бақытжан Базарбек.

Қызылорда десе, көпшіліктің көз алдына ұйытқи соққан жел мен шаңды боранның елестейтіні анық. Бұған да айлақтың айтарлықтай әсері барын білеміз. Зымыран ұшыру 8-10 күнге дейін созылатын шаңды желмен ұштасады, ал оның кері ықпалы жер асты суларының ластануы мен топырақ қабаты мен шөптің улануына әкеп соқтырады екен. Мысалы, Қызылорданы былай қойғанда, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Базбас қыстауында гептилдің жерасты шоғырлануы жердің беткі қаба­тынан 60-70 сантиметр тереңдіктен табылған. Ал кейбір жерлерде 150 сантиметрден табылған көрінеді. 150 сантиметр­ден гептилдің қалдықтары табылып жатса, бұл қуанатын жағдай емес.

Ал бұл жарықтық қалай таралады? Қай жерге дейін барады? «Экологи