Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды

340 реткөрсетілді

Маңғыстау облысында өткен «Жыл адамы - 2019» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Сайыстың мақсаты - өңірдің экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына үлесін қосып, елдің тыныс-тіршілігіне көмегін тигізіп отырған азаматтардың еңбегін бағалап, арнайы марапаттар арқылы мерейін өсіріп, қанаттандыру.

Байқауға Маңғыстау облысында тұрақты тұратын, жыл бойы үздіксіз еңбек еткен, өз саласының майталмандары қатысты.

Осы жылы «Жыл адамы - 2019» атағына 21 үміткер лайық деп танылды. Әр номинация жеңімпаздарына диплом, естелік сыйлық және ақшалай қаражат табысталды.

Өңір басшысы Серікбай Трұмов адал еңбекпен абыройлы іске бас болған жандарды мерекемен құттықтап, оларға жаңа табыстар тіледі.

«Жыл мұғалімі» - Мұнайлы ауданы №3 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі, жас маман Қуат Байназаров;

«Жыл ғалымы» - Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және инжиниринг университеті Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Жоламан Қобланов;

«Жыл дәрігері» - «Sofie Medgroup» көпбағытты клиникасының жоғары дәрежелі акушер-гинекологы Болат Ишанғали;

«Жыл медбикесі» - Бейнеу аудандық орталық ауруханасының бас медбикесі Мирамханым Кыдырбаева;

«Жыл тәрбиешісі» - Мұнайлы ауданы №16 «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі Шәрбану Өсерова;

«Жылдың үкіметтік емес ұйымы» - «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина;

«Жыл спортшысы» - боксшы Бекзат Нұрдәулетов;

«Жыл полицейі» - Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау бөлімінің аға инспекторы Гаухар Биялиева;

«Жыл фермері» - «Қараған Түбек» ЖШС  директоры Айгүл Есқалиева;

«Жыл жебеушісі» - «Оңдасын Құрылыс» ЖШС директоры Бердіқожа Оңдасынов;

«Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» - Құрық ауылы әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері Надежда Пшенникова;

«Жыл мұнайшысы» - «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санатты мұнай және газ өндіру жөніндегі инженері Айман Кенжебаева;

«Жыл құрылысшысы» - «Альянс LTD» ЖШС басшысы Асқарбек Керелбаев;

«Жылдың үздік тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық қызметкері» - «Каспий жылу, су арнасы» МКК қызметшісі Нұрәділ Атамұрат;

«Жылдың әскери қызметкері» - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы Әлібек Қаюпов;

«Жыл кәсіпкері» - «Бизнес Букет» гүл салонының негізін қалаушысы Бақтықожа Орысбаев;

«Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» - Каспий маңы тау-кен металлургиялық комбинатының еңбек даңқы музейінің басшысы және негізін қалаушысы Марат Шушаков;

«Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» - Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының актері Рамазан Ақтаев;

«Жыл журналисі» - «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының Бас редакторы Гүлнұр Қалдыбаева;

«Жыл журналисі» - «Маңғыстау Медиа» ЖШС фототілшісі Сәбит Майемеров;

«Жыл танымы» - «Каспий» футбол клубы.

 

 

Маңғыстау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ұқсас жаңалықтар