Руханият • 14 Желтоқсан, 2019

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы монографияның таныстырылымы өтті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күніне орай Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жарыққа шыққан «Национально-освободительное движение казахского народа в конце XVIII – в начале XX веков» архив құжаттары мен материалдары жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы монографияның таныстырылымы өтті

Ғалымдар бір жыл бойы зерттеген тақырыптың аясы кең. Оны түпнұсқа күйінен алшақтатып алмауды басты назарда ұстай отырып, Архив мәліметтері негізінде құрастырған ғалымдар бұл еңбекті зерттеушілер үшін үлкен олжа деп біледі.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов монографияда бұрын айтылмаған, жарияланбаған әрі зерттеушілер назарынан тыс қалған мәліметтер енгендігін айтады.

Оның айтуынша, ғылыми өнімді жинақтауға сонымен қатар ҚР Президенті архиві, Ресей мұрағаттарынан әкелінген деректер де негіз болып отыр. Хронологиялық шеңбері XVIII ғасырдың аяғынан бастап XVI ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын монографияда көрсеткіштер, ғылыми түсініктемелер де келтірілген.  

Ғалым атап өткендей, егер де зерттеушілерге осындай түпнұсқа негізді материалдар қолжетімді болса, онда тарихымыздың да толықтырылып жазылатындығы сөзсіз. Ал деректің баяу жетуі, сондай-ақ мұрағаттық деректер тапшы болса, онда бұрынғы Кеңес одағы методологиясының негізінде монографиялар да, оқулықтар да жазыла береді. Алдағы уақытта осындай олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында Архив және институт ғалымдары меморандум аясында тың деректерге қол жеткізу үшін ауқымды жобаларды қолға алатын болады.

 

АЛМАТЫ