Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.
Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.
Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.
Баршамызға мәлім, ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалуда, көптеген өндіріс орындары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ.
Дегенмен, оның ауыртпалықтарына Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты аясындағы елдегі саяси тұрақтылық пен жалпы іскерлікке негізделген экономикалық жүйе төтеп берді. Әйтсе де, дағдарыс іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар, қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды.
Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Экономикалық дағдарыс әсерлерінен зардап шекпес үшін ел экономикасын тұрақтандырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде ғылымға және жалпы жүйелік сараптауға негізделген жаңа көзқарастар қажет болды. Экономиканың осал жерлерін көре біліп, жаңа шаралар қолдануды қажет етті. Міне, осы мақсатта экономикалық дағдарысқа төтеп беретін арнайы ғылыми-танымдық жобалар, ғылыми ізденістер, ғылыми жаңалықтар ел экономикасының оңды дамуына үлкен септігін тигізері анық.
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі дамуына, экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан елжанды азаматтар, ғалым қайраткерлер баршылық. Солардың бірі де бірегейі – аса көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдіғаппар Әшімов. Ғылыми дарындылық, басқару-ұйымдастырушылық, іскерлік пен парасаттылық секілді қабілеттер мен қасиеттер бір бойында тоғысқан Әбдіғаппар Әшімұлы 1989-1991 жылдары Ғылым академиясының математика және механика институты директорының орынбасары, 1991-1994 жылдары ҚР ҰҒА Информатика және басқару проблемалары институтының директоры қызметтерін атқару кезінде де ғылымның, оның ішінде экономика саласының өркендеуіне барынша күш салды. Ғылым мен өндірісті ұштастыруға көп көңіл бөле отырып Жоғары аттестациялау комиссиясының төрағасы ретінде ғылыми еңбектердің шынайы болуына қатаң талап қойды.
Академик Ә.Әшімовтің ғылыми жаңашылдық мүмкіндігі, жоғары парасат-пайымы және басқару ісі мен ғылыми ұйымдастыру жұмыстарындағы мол тәжірибесі кибернетика, автоматика, информатика, жүйелік талдау мен басқару ғылымдары бойынша жаңа ізденістері саралау, сараптау жұмысына зор көмегін тигізді. Осы жылдары ғылымның осы салалары бойынша жаңа зерттеулер мен тың еңбектер дүниеге келгені де, жаңа талпыныстарға жол ашылғаны да ақиқат еді.
Әбдіғаппар Әшімұлының есімін атағанда ең қиын және аса қажетті мамандықтарға қатысты «кибернетика», «автоматика», «информатика», «оңтайлы басқару», «жүйелік талдау» атаулары мен ұғым-түсініктері қатар жүреді. Өйткені, ол – автоматтық басқару жүйесінің теориясы, техникалық кибернетика теориясы және жүйелерді моделдеу теориясының отандық мектебінің негізін қалаушы, сонымен қатар, металлургиялық үдерістерді болжау және тиімдендіру түйіндерін математикалық модельдеу әдіс терін қолдана отырып шешуді Қазақстанда ғылыми жолға қойған алғашқы және бірегей маман.
Академик Ә.Әшімовтің ғылыми жұмысының құндылығы – теориялық қорытындылардың өндірісте қолдануы мен өз нәтижесін беруінде. Теория мен практиканы ұтымды үйлестірудің шебері атанған ғалым ғылыми ізденістерден туған ойларын, қорытындыларын, айқындамалары мен анықтамаларын үнемі жүйелеп, жариялап халық игілігіне ұсынып отырды. Ғалымның негізгі ғылым еңбектері бірегейлендірудің теориялық негіздері, автоматтық басқару теориясы, жүйелік талдау, ұйымдастыру жүйелерін басқару, өндірістік үрдістерді жобалау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын автоматтандыру, тағы басқа да мәселелерді зерттеуге арналған. Оның 400-ге жуық ғылыми жұмысы мен 12 монографиясы еселі еңбегінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Академик Ә.Әшімовтің ғылыми ізденістерінің нәтижелері сан рет халықаралық деңгейдегі ғылыми жиындарда әлем назарына ұсынылған. АҚШ, Болгария, Франция, Италия, Германия, Жапонияда әр жылдары өткен форумдар мен симпозиумдарда, конгрестер мен конференцияларда басқару және автоматтандыру саласы бойынша Қазақстан атынан озық ойларын ортаға салып, ел мәртебесін көтергеніне әлем ғалымдары талай мәрте куә болған.
Академик Ә.Әшімовтің ғылыми еңбектерінің құндылығы елге мәлім, оның бір дәлелі – ғалымның дәстүрлі VI Астана экономикалық форумы аясында «Параметрлік реттеудегі макроэкономикалық талдау және мемлекеттік саяси-экономикалық одақ шеңберінде» тақырыбында болып өткен панельдік сессияның модераторы болуы. Бұл да ғалымның экономика саласындағы сіңірген еңбегінің ерекшелігін айқындайды. Атап айтсақ, ғалымның макроэкономика саласындағы негізгі зерттеулері келесі тақырыптарға бағытталған: ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау; жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері; инфляцияға қарсы саясат; экономикалық өсу түсінігі мен факторларын зерттеу; экономикалық дамудың циклдары; ұлттық экономика мен сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу.
Ә.Әшімовтің ғылыми ізденісінің нәтижесінде туындаған және еліміздің экономика саласындағы жетекші ғалымдармен (Ю.Боровский, Б.Сұлтанов, Ж.Әділов, Д.Новиков, Р.Алшанов, Ә.Әшімов) бірігіп әзірленген «Ұлттық экономиканы макроэкономикалық талдау және параметрлік реттеу» еңбегі еліміздің экономикалық дамуына жаңа бағыт сілтейтін құнды ғылыми еңбек болып табылады. Монографияның әлемге белгілі Springer баспасында жарық көруінің өзі ғылыми еңбектің теориялық және практикалық құндылығының тереңділігін көрсетеді.
Монографияға ұлттық экономиканың эволюциясы мен статикалық тепе-теңдігін реттеу теориясын құру және дамыту мәселелері арқау болған. Теорияның тиімділігі макроэкономикалық нарықтағы статикалық тепе-теңдікті, ашық экономиканы және экономикалық өсуді сипаттайтын математикалық модельдердің негізінде көрсетілді. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың математикалық модельдері негізінде ұлттық экономиканың макроэкономикалық талдауы жүргізілді. Макроэкономикалық талдау жүргізудің қажеттілігі 2007-2009 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезінде айқын байқалды. Ұлттық экономиканы сараптау мен мемлекеттік реттеуде математикалық модельдердің қолданысы өз тиімділігін көрсете білді. Ғылыми еңбекте экономиканы параметрлік идентификациялаудың жаңа әдістері, детерминирленген математикалық модельдері мен жалпы тепе-теңдіктің есептеулі модельдерінің орнықтылығын бағалау әдістері қарастырылған. Сонымен бірге, параметрлік реттеу теориясының жаңа қолдану нәтижелері келтірілген.
Сонымен, төрт бөлімнен тұратын ғылыми еңбектің материалдары экономиканы тұрақтандыру шешімдерінің нұсқалары мен ұсыныстарын, ациклдік экономикалық саясат және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты таңдау мүмкіндіктерін береді. Осындай қомақты ғылыми еңбекті тарау-тарау бойынша келтіруді жөн көрдім.
Бірінші бөлімде параметрлік реттеу теориясының элементтері, ел экономикалық жүйесінің математикалық модельдерінің құрылымдық орнықтылығын зерттеу әдістері, дискретті және динамикалық жүйелер үшін параметрлік реттеу заңдарын таңдауда экономикалық өсу бағытына сәйкес нақтылы мақсат функционалдары таңдалған вариациялық есептеу есептерінің қойылуы қарастырылып, әртүрлі шектемелер шартында өз шешімін тапқан. Бифуркациялық нүктелер табу шарттары анықталып, тиісті зерттеулер жүргізілген. Осы мақсаттарға сәйкес теоремалар дәлелденген . Ұсынылған параметрлік реттеу теориясының нәтижелері түрлі экономикалық жүйелерде қолданыс тапқан.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының статистикалық деректері негізінде ұлт шаруашылықтарын сипаттайтын функциялардың эконометрикалық бағалары келтірілген. Эконометрикалық функциялар негізінде есептелген Кейнс жалпы экономикалық тепе-теңдігінің IS, LM, IS-LM модельдері және кіші елдің ашық экономикалық моделі көрініс тапқан. Ұлттық экономиканың тепе-теңдігін сипаттайтын математикалық шешімдеріне әсер ететін экономикалық көрсеткіштер есепке алынып, әртүрлі экономика-математикалық шешімдер сценарийлері талқыланған.
Үшінші бөлім конъюнктуралық циклдердің теориясын дамытуға арналған. Кондратьев және Гудвин циклдерінің математикалық модельдерінің құрылымдық орнықтылығы зерттеліп, нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар, осы модельдер негізінде макроэкономиканы параметрлік реттеу есептерін қарастырып, шешімдері келтірілген.
Төртінші бөлім жалпы тепе-теңдіктің есептелетін модельдері негізінде экономикалық өсудің параметрлік реттеу нәтижелерін сипаттауға арналған. Макроэкономикалық модельдің үлкен өлшемдерін ескеретін параметрлік идентификациялаудың көп айнымалы функцияларының глобальды экстремумын табуға мүмкіндік беретін алгоритмдері келтірілген. Сонымен қатар, орта және ұзақ уақытқа арналған экономикалық тепе-теңдіктің есептелетін модельдері негізінде ұлттық экономиканың және экономикалық агенттердің көрсеткіштерін макроэкономикалық талдау нәтижелері сыртқы айнымалылардың икемділігі, экономикалық өсу шарттары аясында қарастырылған. Экономикалық өсудің параметрлік реттеу есептерінің түрлі экономика шарттарында шешімдері келтірілген.
Әрине, осындай құнды ғылыми еңбек академик Ә.Әшімов пен оның ізбасарларының талай жылғы ғылыми зерттеулерінің нәтижесі ретінде туындады. Авторлар макроэкономикалық жүйені реттеудің параметрлік теориясы нәтижесі бойынша 120-дан астам ғылыми жұмыс, 5 монография (2 монография беделді Springer баспасында, 3- Физматлитте) жариялады. Зерттеу нәтижелері 31 халықаралық ғылыми форумдарда және арнайы ұйымдастырылған Астана экономикалық форумының V және VI сессияларында жұмыс материалдары бойынша 8 баяндама жасалып талқыланды. Ғалымның ғылыми зерттеулері 2011 жылы Нанкин (ҚХР) қаласында XV Халықаралық конгресте жүйе және кибернетика бойынша ұсынылған баяндамалар ішінен ғылыми мәнді нәтижелер алғандығы расталып, үздік деп танылып, Kybernetes журналының сыйақысы тағайындалып және екі пікірмен «Автоматика және телемеханика» журналында жарияланды. Бүкіләлемдік жүйелер мен кибернетика ұйымының ХV Халықаралық конгресінде Ә.Әшімовтің телавторлармен бірге жасаған «Нарықтық экономиканың механизмдерін параметрлік реттеу теориясының негізінде тиімді мемлекеттік саясатты іске асыру және өндіру әдістерін дамыту» ғылыми баяндамасы «Аса үздік мақала» деген жоғары марапатқа ие болды.
Әбдіғаппар Әшімұлының жетекшілігімен дайындалған (Ю.Боровский, Б.Сұлтанов, Ж.Әділов, Д.Новиков, Р.Алшанов, Ә.Әшімов) «Ұлттық экономиканы макроэкономикалық талдау және параметрлік реттеу» ғылыми еңбекті Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлыққа лайықты үлкен нәтижелі еңбек дер едім.
Қазіргі таңда тынымсыз еңбек етіп келе жатқан әлемдік ауқымдағы қайраткер ғалымның осыншама жетістіктерінің сыры, меніңше, оның арының тазалығы мен өз кәсібіне деген адалдығында, еліне, жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігінде деп білемін. Осы қасиеттер бойына ерте дарыған академик Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов әлі талай асуларды бағындырары сөзсіз.
Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ,
ҚР БжҒМ ҒК Информатика және басқару проблемалары институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.