Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне шахмат турнирі өтті

66 рет көрсетілді

Алматы шаһарында еліміздің ең үлкен мерекесін ұлықтайтын шаралар легі жағасын табуда. Мегаполистегі №4 қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған шахмат турнирі өтті.

Аталмыш турнирді ұымдастыруға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры және Қазақстан шахмат федерациясы ұйытқы болды.

Заманауи әлемде елдердің экономикалары ғана емес, тұтастай мәдениеттер де бәсекеге түсіп отыр. Ауыздықтарымен алысқан алпауыт елдермен терезесі тең болудың алғышарттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қатпарланған тарихын жадында сақтау екендігі даусыз.

Бұл да «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының бір ұстыны болып табылмақ. Әр елдің өмір кеңістігінде жүріп өткен соқпағы көп даңғыл жолы бар. «Желтоқсан оқиғасы» да қаймана қазақтың сол соқпақтарының бірі. Қанша қасіретті болса да оны есте сақтап, ұлағат етіп ұрпаққа жеткізу тарих алдындағы міндет.

Сондай ұлағатты істің бірі – халықтың қаһарман ұлы Қайрат Рысқұлбеков атындағы шахмат турнирі. Осы арқылы қаһарман ұлдарының есімін ұлттың жадында жаңғырту, ерлігін жастарға үлгі ету.

Турнирге республиканың әр өңірінен жиырма талапкер қатысуға өтініш білдірген. Шамат жарысына жиналған жастар,  алдымен желтоқсаншылардың Тәуелсіздікті арқау еткен әңгімелерін тыңдады. Желтоқсан оқиғасынан, Қайрат Рысқұлбековтің ерлігінен сыр шертілді.

Осыдан кейін бастау алған блиц-турнирге Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері төрелік етті. Ойлылар ойынына қатысушылар өзара бақ сынасып, үшеуі суырылып алға шықты. Үздік ойын көрсеткен Жалмаханов Рамазан – бірінші орын, Аңсат Алдияр – екінші орын, Исанкулов Арыстан – үшінші орындарды иемденді.  

Ойын барысын бақылап, ойыншыларға демеу көрсетіп отырған желтоқсаншылар жеңімпаздардың марапаттарын тапсырып, шын ықыласпен құттықтауларын жеткізді.

 вы

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 09:25

Ел жүрегі – елорда

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар