27 Шілде, 2013

Терең білім үшін ризашылық

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­те­тінің Қазақстандағы филиалы түлектерінен ұжымдық хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында ММУ филиалы­ның дипломын алған түлектер Қазақ­стан Президентіне ризашы­лық­тарын білдіріп, әлемдегі үздік университеттердің бірінде білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтады.

«Сіздің бастамаңызбен Аста­нада ММУ-дің Қазақстандағы филиалы ашылуының арқасында біз терең білім алғанымыз үшін Сізге ризамыз. Бұл біздің алдымыздан еліміздің игілігі үшін қызметте өз қабілетімізді жүзеге асыру үшін, сол арқылы ел өмірі мен дамуында лайықты орнымызды табуға мол мүмкіндіктер ашады», – делінген хатта.

Хат иелері Мемлекет басшы­сы­ның қызметі ел игілігіне, сон­дай-ақ Қазақстан мен Ресей ара­сындағы достықты нығайтуға бағытталғанын атап өткен.

«Біздің оқу орнын бітіріп шығуымыз – Сіздің бұдан 20 жылдай бұрын Мәскеу университетінде жария еткен Еуразия қағидаттарын іске асырудың тағы бір мысалы», – деп атап өтеді түлектер.

Хатта 2013 жылы оқу бітіру­дің айрықша екеніне, өйткені, елор­даның 15 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келгеніне де тоқталған. ММУ-дің Қазақ­стандағы фи­лиалының құрылуы мен қалып­тасуы – Астана тарихының ажырамас бөлігі.

Соңында хат иелері Қазақ­стан Президентінің сенімін ақ­тауға және еліміздің өсіп-өр­к­ендеуіне лайықты үлестерін қо­суға ұмтылатындары туралы мә­лімдейді.