Қоғам • 16 Желтоқсан, 2019

Ақылы автотұрақтан түскен ақша қайда жұмсалады?

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты түйткілді мәселелер аз емес. «А-Паркинг» жобасының айналасында әлі де шеші­мін табуға тиісті жайттар жеткілікті. Осыған орай алма­тылық БАҚ өкілдері арнайы баспасөз сапарына шығып, ақы­лы тұрақтардың жұмысына куә болып, «А-Паркинг» жоба­­сы­ның жетекшілеріне көкейдегі сауалдарын қойды. Алматы­дағы «А-Паркинг» жобасының басшылығы журналис­терге ақылы тұрақтан түсетін қаражатқа қатысты есеп берді.

Ақылы автотұрақтан түскен ақша қайда жұмсалады?

Биылғы жылдың қорытын­дысын «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Прінбеков жариялады. Журналистер тротуарлық типтегі ақылы автотұрақтар (Сәтпаев көшесі, Назарбаев көше­сі мен Достық даңғылы ара­сында) мен алаңдық тип­тегі («Нұрлы Тау» бизнес-орта­лығының жанындағы авто­тұрақ) аймақтарға барды, Ал­матының бірыңғай автомат­тан­дырылған тұрақ кеңістігінің деректерін өңдеу орталығының жұмысымен танысты.

«А-Паркинг» компаниясы Қазақстанның ірі қаласының көлік жүйесін сауықтыру және тұрақ кеңістігін ұйымдастыру жө­нін­дегі жұмыстарды одан әрі жал­ғастыратынын мәлім­деді. Биыл Алматыда 1012 тро­туар­лық үлгідегі жаңа тұрақ ай­мағы ашылды, қолданыстағы тро­туар­лық және алаңдық үлгідегі тұрақ кеңейтілді. Қазір 11 683 жаңа тұрақ орны пайда бол­ған. Оның ішінде 6109 тро­туар­лық және 5574 алаңдық түр­­дегі тұрақ орны бар. Авто­әуес­­қойларға ыңғайлы болу үшін Kolesa, Senim серіктес­тері­нің интернет-қосымшалары қо­сыл­ған. Мысалы, Kolesa қо­сым­­­шасында көлік тұра­ғы үшін пост­төлем жасау мүмкіндігі пай­да бол­ды – бұл қандай да бір себеп­пен автокөлікті тұрақ орнына қою кезінде көлік тұрағын төлей ал­майт­ындар үшін ыңғайлы тәсіл.

2019 жылы «А-Паркинг» биллинг жүйесінде 7 миллионнан астам көлік қою тіркелді. Жыл қорытындысы бойынша тұрақ төлемінен жалтарған алматылықтарға жалпы сомасы 920 миллион теңгеден астам 143 мың айып ұйғарымы шығарылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алаңдық тип­тегі барлық қалалық тұрақ­тар­да бейнекамералар орна­тыл­ған, онда камераларды шо­лу­­ды тұрақ аумағымен шек­теу­ге болады. Мүмкіндігі шек­теу­лі жүргізушілердің авто­көлік­теріне бөлінген орындарда тұру­дың қиындығына байланысты күрделі аймақтарды жақсарту жүргізілуде. Мәселен, мұндай жұмыстарға жолаушыларды отырғызу және түсіру орын­дарын қайта жаңарту кіреді.

Алматы қаласының бірың­ғай автоматтандырылған тұ­рақ кеңістігін дамытуға инвес­тиция көлемі 3,96 млрд теңгені құрайды. Ақылы автотұрақтар іске қосылғаннан бері мемле­кет­тік бюджетке 1,7 млрд теңге түсті, оның 561 млн – салық аударым­дары, 267 млн – көлік тұра­ғы үшін төлемдер, 247 млн – мемлекетке міндетті төлем­дер. Ал 622 млн теңге қала бюд­жетіне ЖҚЕ бұзғаны үшін айып­пұл түрінде түсті. Бұл қаражат Алматы қаласы­ның көлік және жол желісінің жағ­дайын жақсартуға бағытталған.

Марат Прінбеков түсіндіріп өткендей, бір сағат ішінде автокөлік иелері төлейтін әрбір 100 теңгенің 58 теңгесі көлік тұрағын материалдық-тех­ника­лық ұйымдастыруға байланыс­ты шығындарға жұм­салады, 27 теңгесі мемлекетке салық және міндетті төлемдерге, 16 теңге – жалақыға, 10 теңгесі – әкім­шілік шығындарды құрай­ды, 5 теңге – төлем қабыл­дау және инкассация жөнін­дегі комиссияға кетеді. Нәти­же­сінде бүгінде тұрақ орнын пай­далану сағатына 100 теңге болса, компанияның шығы­ны 16 теңгені құрайды. Алайда компанияның бизнес жобасы 10 жылға есептелген, салған инвестицияны қайтару жобаның алтыншы жылынан бастап көзделген.

– Келесі жылы біз қоғамдық және БАҚ өкілдері көрсеткен «А-Паркинг» сервисінің сапа­сын жақсарту және кемшілік­терді жою жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, – деді Марат Прінбеков.

Атап айтқанда ақылы ав­то­тұрақ аймақтарында мүге­дектерге арналған белгілер мен жол белгілерін салу бойын­­­ша ес­кертулер жойылады, мүм­кін­дігі шектеулі жүр­гізу­­ші­лер­дің ыңғайлылығы үшін тұрақ орындарын қайта жаңар­ту жүргізілуде. Сон­дай-ақ «А-Паркинг» өкілдері қала­лық билік орындары авто­тұ­рақ кеңістігінің автоматтан­дырыл­ған жүйесін одан әрі жетіл­діру­ге ықпал ететін шешім­дер қа­был­дауы тиіс еке­нін атап өтті. Електен өткізіл­ген тарифті ен­гізу ережелерін пысық­тау, көпдең­гейлі паркингтерге жер учас­келерін бөлу, «А-Паркинг» тір­кеу камераларынан нөмірлік бел­гі­лерді жасыратын заңсыз көлік қоюшылар мен жосықсыз жүр­гізушілермен күрес жүргізу қажет­тігі көрініп отыр.

 

АЛМАТЫ