Руханият • 16 Желтоқсан, 2019

Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті.

Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті

Еске алу шарасы аясында жазушының 80 жылдығына орай қайраткердің өмірі мен қызметіне арналған Ұлттық кітапхана  дайындаған библиографиялық көрсеткіш және «Арыс» баспасынан шыққан энциклопедияның таныстырылымы өтті.

Шараны Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы, Қазақстан   Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, баспагер, ғалым Ғарифолла Әнеске берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмин Тұяқов, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым, профессор Өмірзақ Айтбаев, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязев, филология ғылымдарының докторы, сыншы, ғалым Дандай Ысқақ, қоғам қайраткері, ақын  Темірхан Медетбек және тағы басқа зиялы қауым өкілдері Әбіш Кекілбаев туралы естеліктерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.                                  

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.               

АЛМАТЫ