Руханият • 16 Желтоқсан, 2019

Шығармалары классикаға айналған Гүлфайрус Ысмайлованың туғанына – 90 жыл

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айының 15-і күні туғанына 90 жыл толған Гүлфайрус Ысмайлованы еске алғанда суретшінің теңдессіз туындылары мен қазақ өнеріне салып кеткен соны соқпағына бір үңілмей байыз таппайтынымыз анық.

Шығармалары классикаға айналған Гүлфайрус Ысмайлованың  туғанына – 90 жыл

Жанарына тазалық пен шынайылық тұнған ерекше талант иесінің өмірі театрмен тілекей байланыста өрілді. Қазақ қызының терең психологиялық келбетін сомдауда «Ботагөз» фильміндегі рөлі, «Қыз Жібектің» анасының рөлін сомдауы, т.б. рөлдері суретшінің киноэкрандағы образын ашып берсе, қазақ киносының тарихында алғашқы рет тұрмысқа қажетті бұйымдарды, костюмдер, әскери құралдардан тұратын 1500-нан астам эскиздері ұлттық құндылықтар қорына енген ғажайып туындылар.

сурет

Филология ғылымының докторы  Гүлмира Шалабаева  «Қазақстанның ұлттық құндылықтары» сериясымен 2016 жылы Қазақстан баспагерлері (АИПК) шығарған (безендірушісі Шайзада Бәйкенова) «Суретшілер әулеті: Евгений Сидоркин, Гүлфайрус Ысмайлова, Вадим Сидоркин» фотоальбомында суретші шығармашылығы туралы «Эскиздерінен айқындылық, нақтылық, образ идеясы мен ойын жеткізу мақсатында барынша дәлдік пен көркемдікке талпыныс байқалады. Оның театрдағы эскиздері дайын шығарманың арқауына, ал театр көптеген жылдар бойы оның шығармашылығының күретамырына айналды. Өз замандастарының рухани өмірін ғана қалыптастыруға емес, олардың ой-өрісіне өзінің даралығымен, әлемге деген ерекше сезімі, көңіл-күйі арқылы белсенді ықпал етті. Ол кескіндеме арқылы әйелдің, гүлдердің, күн сәулесінің, тіптен өмірдің өзін жаңаша танығандай әсер беретін» деп сипаттайды.  

Бүгінде Гүлфайрус Ысмайылованың рухани мол мұрасы Қазақстан мәдениетінің, қазақ кескіндемесінің классикасына айналды.

 АЛМАТЫ